Министр "СК-Фармация" үлгісінде тағы бір компания құруды ұсынды

© Photo : Pixabay / Mirko SajkovВетеринария
Ветеринария - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2022
Жазылу
АШМ басшысы бірыңғай дистрибьютер препараттарды сатып алуды кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толығымен жояды деген пікірде
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев "СК-Фармация" үлгісінде ветеринария саласында бірыңғай дистрибьютер құруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, бүгінде арнайы тізімде жануарлардың аса қауіпті 23 ауры бар. Соның алдын алу шараларына республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Ветеринариялық бақылау комитеті мен оған бағынысты ұйымдар қажетті препараттарды сатып алады. Ал әкімдіктер тарату жұмыстарымен айналысады. Бірақ ондай жүйе ветеринарларға қолайсыз болып тұр. Себебі олар негізгі міндеттерімен емес, конкурстық рәсімдермен айналысып жатады. Сөйтіп, уақытын текке кетіреді.
Оған қоса, отандық өндірушілермен бір көзден тікелей шарт жасасу биыл заңнамада қарастырылмаған. Осылайша ұзақ конкурстық рәсімдер салдарынан вакциналар мен диагностикумдарды уақтылы сатып алу және жеткізу бойынша проблема туындайды.
"Осы мәселелерді шешу үшін комитет пен оған бағынысты ұйымдардан мемлекеттік сатып алу функцияларын алып тастау қажет. "СК-Фармация" ұқсастығы бойынша ветеринариялық препараттар мен диагностиканы сатып алу бойынша бірыңғай дистрибьютор құрған дұрыс", - деді Қарашөкеев мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Оның сөзіне қарағанда, бірыңғай дистрибьютор ветеринариялық препараттарды отандық және шетелдік өндірушілерден тікелей сатып алады. Сондай-ақ компания толығымен мемлекеттің бақылауында болуы шарт.
"Басты талап халықаралық компанияның 10 жылдан астам тәжірибесі болуы керек және ХЭБ (халықаралық эпизоотиялық бюро) ұсынған компаниялар тізімінде болуға тиіс", - деп атап өтті министр.
Осы орайда Қарашөкеев бірыңғай дистрибьютердің негізгі артықшылығын атап өтті. Олар:
отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасу;
қазақстандық өндіруші зауыттарға өндіріс, технология трансферті бойынша биологиялық өнеркәсіптің әлемдік көшбасшыларымен тікелей келісімшарттар жасау;
елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру;
отандық ветеринариялық препараттар мен диагностикумдардың қауіпсіздігін, сапасын жедел бағалау;
ветеринариялық препараттарды тіркеу және бақылау рәсімдерін оңайлату;
АШМ жүйесінде препараттарды сатып алуды жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін толығымен жою.
Жаңалықтар
0