https://sputnik.kz/20220404/bilim-granttary-auyl-kvotasy-23934698.html
Білім гранттары бойынша ауыл квотасы 5 процентке өседі – БҒМ
Білім гранттары бойынша ауыл квотасы 5 процентке өседі – БҒМ
Sputnik Қазақстан
Ауыл квотасының нақты мамандықтары бар. Оны үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қарай анықтайды 04.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-04T11:28+0500
2022-04-04T11:28+0500
2022-04-04T11:28+0500
білім гранттары
квота
ауыл
https://sputnik.kz/img/285/44/2854454_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_5c4c894637e4528c1832c26c8c62844f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мемлекеттік білім беру гранттары бойынша ауыл квотасының 35 процентке өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Биыл біз ауыл квотасын 35 процентке дейін арттырамыз. Осылайша квота тағы 5 процентке өседі. Үкіметке тиісті ұсыныс енгізілді", - деді Ерғалиев мәжілісте өткен үкімет сағатында.Вице-министрдің айтуынша, бүгінде ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ауыл квотасы көп жағдайда игерілмей жатады. Оны жыл сайынғы статистика да растап отыр. Себебі мектеп түлектері ондай мамандықтарға құжат тапсырмайды.Ал мәжіліс депутаты Павел Казанцевтың ойынша, бүгінде қала балалары ауыл квотасын өз пайдасына іске асырып жатады."Әріптестерімнің айтуына қарағанда, сол 30 проценттік квотаға қала балалары да кіріп кетеді. Оқу соңында ауылға үш айға барады да, квотасын алғаннан кейін кетіп қалады, ветеринарияда қалмайды", - деді спикердің орынбасары.Айта кетері, ауыл квотасының нақты мамандықтары бар. Оны үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қарай анықтайды. Ал конкурс кезінде гранттардың 30 проценті тек ауыл балаларына ғана бөлінеді. Биылдан бастап оның көлемі 35 процентке дейін артады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/285/44/2854454_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_7fe29c57a34be508f0e6046a189719af.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
білім гранттары, квота, ауыл
білім гранттары, квота, ауыл
Білім гранттары бойынша ауыл квотасы 5 процентке өседі – БҒМ
Ауыл квотасының нақты мамандықтары бар. Оны үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қарай анықтайды
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір – Sputnik. Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мемлекеттік білім беру гранттары бойынша ауыл квотасының 35 процентке өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Биыл біз ауыл квотасын 35 процентке дейін арттырамыз. Осылайша квота тағы 5 процентке өседі. Үкіметке тиісті ұсыныс енгізілді", - деді Ерғалиев мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ауыл квотасы көп жағдайда игерілмей жатады. Оны жыл сайынғы статистика да растап отыр. Себебі мектеп түлектері ондай мамандықтарға құжат тапсырмайды.
"Гранттар жетіспей жатқан жоқ, мемлекеттік тапсырыс жетеді. Мәселе мынада, жастар ауылдағы мамандықтарға бармайды. Себебі жалақысы аз, статусы төмен, әлеуметтік пакеті де мардымсыз. Бұл – кешенді проблема. Мысалы, былтыр 21 процент грант игерілмей қалды", - деп атап өтті Ерғалиев.
Ал мәжіліс депутаты Павел Казанцевтың ойынша, бүгінде қала балалары ауыл квотасын өз пайдасына іске асырып жатады.
"Әріптестерімнің айтуына қарағанда, сол 30 проценттік квотаға қала балалары да кіріп кетеді. Оқу соңында ауылға үш айға барады да, квотасын алғаннан кейін кетіп қалады, ветеринарияда қалмайды", - деді спикердің орынбасары.
Айта кетері, ауыл квотасының нақты мамандықтары бар. Оны үкімет елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қарай анықтайды. Ал конкурс кезінде гранттардың 30 проценті тек ауыл балаларына ғана бөлінеді. Биылдан бастап оның көлемі 35 процентке дейін артады.