Батыс пен Ресей арасында ақпараттық соғыс жүріп жатыр

© Sputnik / Владислав ВодневКлавиатура
Клавиатура  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2022
Жазылу
Бүкіл әлем ядролық соғыстан қауіптеніп отырған шақта Батыс Ресейге қарсы әлдеқайда заманауи жаппай қырып-жою қаруын қолданды
Ол қарудан зымыранға немесе әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерімен қорғану, бомбадан сақтайтын жертөлеге бас сауғалау мүмкін емес. Бұл – медиа мен жалпы әлеуметтік желі, деп жазды РИА Новости.
Бұл оймен дауласатындар табылар. Алайда, үгіт-насихат адам баласы сөйлей алған шақта пайда болды және оны қару ретінде ең алғашқы соғыста-ақ қолданған.
Технологиялар дамуымен қатар бұл қару түрі жалпыны қамтитын сипатқа ие болды.

"ХХ ғасырда теледидар мен радионың дамуы тоталитарлық режимнің өрісін кең жаюына зор ықпал еткенін ескерсек, смартфон мен әлеуметтік желі дәуірінде үгіт-насихаттың қандай ауқымда болатынын елестету қиын. Тәулігіне миллиондаған адам күн сайын қолына ұялы телефонын алып, интернет шарлап, жаһандағы жаңалықтарға көз салады", - деп жазылған материалда.

Мұндай жағдайда кез келген адам сол үгіт-насихаттың нысанасына әрі таратушысына айналады. Бұл тура коронавирус іспеттес: өзің жұқтырған вирус өзгеге де жұғады. Қазір русофобия пандемиясы дәл осылай таратылып жатыр.
"Ресейді жермен-жексен етіп, жаңа мемлекет құру керек", - дейді шетелге кетіп қалған ресейлік танымал тележүргізуші.
"Мен қайтпаймын: өз көршісімен соғысып жатқан елде тұрғым келмейді", - дейді Израильге кеткен ірі ІТ-корпорацияның экс-директоры.
Міне, жаппай қырып-жою қаруынан зардап шеккендер – осылар.
Ресейлік паспорты бар "босқындар" Ресей Абхазияға қарсы соғыс ашып, оның аумағын орыс әскері басып алды деген де ақпарат таратты. Олар грузин әскерилері мен "Мхедриони" ұлтшылдарының қатігездігін әсте ұмытқан сыңайлы. Сол сияқты, 1992 жылдың тамызында Шеварднадзе Абхазияны жаулап алу бойынша "Семсер" жоспарын орындауға кірісуге бұйрық бергені де ұмыт болған секілді.
Бұл жағдай Абхазия халқы үшін орны толмас қайғылы жағдайларға алып келді. КСРО-ның ыдырауы Ресей үшін геосаяси және экономикалық сипатта ғана емес, сондай-ақ идеялық қатынаста да құлдырауға алып келді. Коммунистік ой-пайымды алмастыратын ештеңе табылмады. Сондықтан батыстық дүниетанымды бүкіл құндылығы және идеяларымен қабылдау қырғи-қабақ соғыстан кейін әлем үшін ең дұрыс шешім ретінде көрінді.
Мақала авторының пікірінше, батыс мәдениетімен біртұтас болып сіңісу 24 ақпанда сап тыйылды. Бұл батыстағы жаңалық ресурстары мен танымал тұлғалар ресейліктерге қарсы ақпараттық соғыс ашуына қатысты. Сондықтан арнайы әскери операция жүргізілген алғашқы күндерде ресейлік қоғамда жабырқау мен көңілсіздік басым болды: батыстағы медиамашина үгіт-насихат аясында белсенді болып, Facebook*, Twitter, Instagram* мен YouTube "ресейліктерді нысанаға алды".
Бұл үгіт-насихат негізінен соңғы сегіз жыл бойы Украина Донецк пен Луганск халық республикаларының тұрғындарын қырып-жоюмен айналысты деген ой-тұжырымды басып-жаншуға бағытталды. Оның ішінде әскери шабуылдар мен Минск келісімінің орындалмауы да бар. Қарсы уәж айта алмағандықтан, олар бұл мәселені күлкі мен келемежге айналдыруға тырысты.
Запуск новейших гиперзвуковых ракет Кинжал - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2022
Ресей Украинадағы НАТО бітімгерлеріне қандай ескерту жасады
Ресей бұл ақпарат алаңдарында сәйкесінше жауап қата алмады. Өйткені ойын ережесі қарсы тараптың қолында еді. Олар орыстарға қатысты аяусыздық тантығу шақыруға болады деп санап, алайда, орыстардың контентін жариялаудан бас тартты.
Әзірше Telegram салыстырмалы түрде бейтарап аумақ болып отыр және дәл осы жақта ақпараттық қарсыластық болып жатыр. Негізінен, ресейліктер қорғануға мәжбүр. Себебі украин арналары түрлі жалған ақпарат жариялап, ресейліктер мұның жалған екенін ашып көрсетуге мәжбүр.
Мұнда бүкіл әлемдегі орыстардан кек алуға шақырған үндеулер де бар. Бұл посттардың пайда болуының өзі жоғары қауіп. Себебі аса сезімтал оқырман бұл насихатты ойына алып, онымен туыс-дос, таныстардың чатында бөлісуі ықтимал.
"Оқырмандарды әлеуметтік желіден бас тартуға шақыру нәтиже бермесі анық. Алайда, дәл қазір сіз көріп-оқып отырған дүниені сізге көрсету кімге маңызды? Ресейлік сарбаздар өздері болған аумақтағы бейбіт халықты тектен-тек атуына не себеп екеніне лайықты жауабыңыз бар ма? Бұл батыс БАҚ-тарында шынайы суреттер жарияланып, Ресейге қарсы адамдар санын арттыру үшін қажет болар", - дейді мақала авторы.
Уақыт өткен сайын фейк саны артады. Сондықтан мұндай ақпараттық соғысқа әрбір ресейлік үлкен жауапкершілікпен қарауы қажет. "Енді кез келген үйдегі смартфон, ноутбук пен компьютер майдан даласына айналды. Бізде ақиқаттан басқа қару жоқ", - деп түйіндеді мақала авторы.
*Экстремистік ұйым ретінде Ресейде Meta (Facebook пен Instagram әлеуметтік желісі) жұмысына тыйым салынған.
Жаңалықтар
0