Жүйке жұқармайды - баланы ұйықтатар алдында не істеу керек

© Photo : Pixabay /Free-PhotosҰйықтап жатқан сәби
Ұйықтап жатқан сәби - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2022
Жазылу
Бала бір жасқа толғанша ата-анасы бес сағаттан артық ұйықтай алмайды, ал норма - 8 сағат
НҰР-СҰЛТАН, 4 сәуір — Sputnik. Durham University's Infancy and Sleep Centre ғалымдары жүйке жүйені мейлінше қалыпта ұстап, нәрестені ұйықтатудың жолын айтты. Олар баланы төсекке жатқызбас бұрын ата-анаға тынышталуға кеңес берді. Ғалымдар күн батқаннан таң атқанша дейін ұйықтайтын сәби болмайтынын еске салды.
Түрлі елдің институттары жас ата-анаға және олардың проблемаларына арналған арнайы түсіндірме парақшаларын шығарады. Бірақ бала ұйқысы туралы көптеген зерттеу өткен ғасырдың 1950-60 жылдары жасалған. Сондықтан мұндай кеңестердің барынша жаңасын тауып, іс жүзінде қолдану керек.

"Бала ұйқысының тұрақсыз болуы норма екенін түсінген жөн. Сол кезде ата-ана мұндай жағдайда өз кінәсі жоқ екенін түсіне алады", - дейді профессор Хелен Бал.

Бала күтімі кезінде ата-ана тым жиі қысқа күндізгі ұйқыдан аулақ болуға тиіс. Мұндай ұйқыға қарағанда, күні бойы ояу жүрген әлдеқайда дұрыс. Ғалымдар бала өмірінің алғашқы жылында ата-ана бес сағаттан артық ұйықтай алмайтындығын айтады. Норма - 8 сағат.
Ұйқы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2018
Қоғам
Дәрігерлер ұйқы үшін ең қолайлы уақытты анықтады
Жаңалықтар
0