https://sputnik.kz/20220404/almatyda-belgili-darigerdi-atyp-ketti-23941651.html
Алматыда белгілі дәрігерді атып кетті
Алматыда белгілі дәрігерді атып кетті
Sputnik Қазақстан
Алматы полициясы дәрігер Юрий Шумков күдіктінің қолынан қаза болғанын растады 04.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-04T15:22+0500
2022-04-04T15:22+0500
2022-04-04T15:43+0500
оқиға
алматы
дәрігер
https://sputnik.kz/img/561/27/5612711_0:59:1920:1139_1920x0_80_0_0_be42fd19ddf031b0e31836a5aad97ca0.jpg
АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумков 4 сәуір таңертең Алматының Бостандық ауданында қаза болды. Аталған дерек бойынша қаланың полициясы Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("кісі өлтіру") бойынша тергеу басталғанын растады. Тергеу құпиясы сақталатынын ескеріп, Алматы полициясының баспасөз қызметі толық мәліметті ашпады. Соған қарамастан Sputnik Қазақстан тілшісінің дереккөзі қылмыс орнында не болғанын айтты. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бірден таксиге отырып, қылмыс орнынан қашып кеткен. "Көшедегі бейнебақылау камераларының көмегі арқылы жедел уәкілдер көлік маркасы мен мемлекеттік нөмірін анықтап, камералар арқылы оның қозғалыс бағытын қадағалады. Полиция жасағы көлікті Шаңырақ шағын ауданында ұстады. Күдікті көлікте болған", - деді құқық қорғау органдарындағы дереккөз.Қазір ұсталған адамға қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айта кетері, таңғы сағат тоғыз шамасында Алматының Бостандық ауданында белгісіз біреу қарудан оқ атып, оқиға орнында 47 жастағы ер адам қайтыс болғаны хабарланған еді.
https://sputnik.kz/20220404/almaty-quryqtau-zhospary-23933649.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/561/27/5612711_170:0:1877:1280_1920x0_80_0_0_63ec432067c137409ca7fed6d72da413.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, дәрігер
Алматыда белгілі дәрігерді атып кетті
15:22 04.04.2022 (жаңартылды: 15:43 04.04.2022) Алматы полициясы дәрігер Юрий Шумков күдіктінің қолынан қаза болғанын растады
АЛМАТЫ, 4 сәуір – Sputnik. Белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумков 4 сәуір таңертең Алматының Бостандық ауданында қаза болды. Аталған дерек бойынша қаланың полициясы Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("кісі өлтіру") бойынша тергеу басталғанын растады.
Тергеу құпиясы сақталатынын ескеріп, Алматы полициясының баспасөз қызметі толық мәліметті ашпады. Соған қарамастан
Sputnik Қазақстан тілшісінің дереккөзі қылмыс орнында не болғанын айтты.
"Күдікті Шумковтың пациенті екені анықталды. Дәрігер сәтсіз емдегендіктен, пациент оны өлтіруге бел буғанын айтты", - деді ақпарат көзі.
Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бірден таксиге отырып, қылмыс орнынан қашып кеткен.
"Көшедегі бейнебақылау камераларының көмегі арқылы жедел уәкілдер көлік маркасы мен мемлекеттік нөмірін анықтап, камералар арқылы оның қозғалыс бағытын қадағалады. Полиция жасағы көлікті Шаңырақ шағын ауданында ұстады. Күдікті көлікте болған", - деді құқық қорғау органдарындағы дереккөз.
Қазір ұсталған адамға қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетері, таңғы сағат тоғыз шамасында Алматының Бостандық ауданында белгісіз біреу қарудан оқ атып, оқиға орнында 47 жастағы ер адам қайтыс болғаны хабарланған еді.