Қоғам

"Тапсырма бердім": үкімет басшысы парақшасына сауал жолдағандарға жауап берді

© Официальный сайт Президента КазахстанаӘлихан Смаилов
Әлихан Смаилов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2022
Жазылу
Аймақтардан пікір жазғандар жол мен су мәселесін көтерсе, ақтөбеліктер су тасқынын тезірек шешуді сұрап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік желідегі парақшасына сауал жолдаған әрбір адамның мәселесін мұқият зерделеп шығуға уәде етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айта кетері, үкімет басшысы әлеуметтік желіде жеке парақшасын ашқан.
Бір күннің ішінде оған 15 мыңнан астам адам жазылды. Халық премьер-министрді бірден сұрақтың астына алды.
Аймақтардан пікір жазғандар жол мен су мәселесін көтерсе, ақтөбеліктер су тасқынын тезірек шешуді сұрап отыр.
Астанадан үлескерлер шағымданды. Кейбір адамдар үкіметтен мемлекеттік тілде сөйлеуді талап етіпті. Ұлттық идеология туралы сөз қозғағандар да бар.
Ал журналистер премьер-министрді еркін әңгімеге шақырды. Желі қолданушылары арасында үкімет басшысына ұсыныс жасағандар да болды.
Бүгін үкімет басшысы белсенділік танытқан барлық адамға алғыс білдіріп, өз кеңсесіне тиісті тапсырма бергенін жеткізді.
"ҚР Премьер-министрі кеңсесіне қойылған әрбір сұрақ пен көтерілген әрбір проблеманы мұқият зерделеуге тапсырма бердім. Өкінішке қарай, жұмыс бабына байланысты сіздердің барлық сұрағыңызға жеке жауап бере алмауым мүмкін. Десе де, ешбір өзекті сұрақ жауапсыз қалмайтынын және оларға құзырлы органдар міндетті түрде жауап беретінін жеткізгім келеді", - деп жазды Смайылов.
Жаңалықтар
0