https://sputnik.kz/20220403/sot-kuyeu-zhaza-23923867.html
Сотта күйеуін қорғаған әйел өзі жазаға тартылды
Сотта күйеуін қорғаған әйел өзі жазаға тартылды
Sputnik Қазақстан
Әйел бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды 03.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-03T20:00+0500
2022-04-03T20:00+0500
2022-04-04T11:45+0500
сот
айыптау
https://sputnik.kz/img/150/02/1500244_0:58:1280:778_1920x0_80_0_0_e32ff9ffed0749023afa701b44bf620c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысында адам зорлау үшін жауапқа тартылған ер адамның әйелі сотты алдап, өзі жазаға тартылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Диапазон порталына сілтеме жасап. Қарғалы ауданының тұрғыны адам зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлау әрекеттері үшін жауапқа тартылды. Оған қоса, жәбірленушіге пышақпен жарақат салған. Бірақ оның әйелі сотта оны ақтап алуға тырысты. Оның айтуынша, жәбір көрген әйел оған өзі қоңырау шалып, үйіне шақырған. Зорлау туралы ештеңе айтпады. Ал сөйлесіп отырғанда абайсызда өз-өзіне пышақпен жарақат салды. Сосын жараны таңып беруді сұраған көрінеді. Дегенмен, сотта әйелдің дәл осы сөзі дәлелденген жоқ. Куәгер судьяны алдаған. Жәбір көрген әйелге шабуыл кезінде пышақ жарақатын алған. Оған айыпталушының тікелей қатысы бар. Ол кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан кейін оның әйелі өтірік айтқаны үшін сот алдында жауап берді. 33 жастағы әйел жалған куәлік еткені үшін кінәлі деп танылды. Өз сөзінде ол отбасын сақтап қалуға тырысқанын айтты. Себебі балалары бар. Бірақ судья оны да жазаға тартуға шешім шығарды. Әйел бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/150/02/1500244_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_d2f45f7130d40ec5701647c3ad698071.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот, айыптау
Сотта күйеуін қорғаған әйел өзі жазаға тартылды
20:00 03.04.2022 (жаңартылды: 11:45 04.04.2022) Әйел бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Ақтөбе облысында адам зорлау үшін жауапқа тартылған ер адамның әйелі сотты алдап, өзі жазаға тартылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Диапазон порталына сілтеме жасап.
Қарғалы ауданының тұрғыны адам зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлау әрекеттері үшін жауапқа тартылды.
Оған қоса, жәбірленушіге пышақпен жарақат салған. Бірақ оның әйелі сотта оны ақтап алуға тырысты. Оның айтуынша, жәбір көрген әйел оған өзі қоңырау шалып, үйіне шақырған.
Зорлау туралы ештеңе айтпады. Ал сөйлесіп отырғанда абайсызда өз-өзіне пышақпен жарақат салды. Сосын жараны таңып беруді сұраған көрінеді.
Дегенмен, сотта әйелдің дәл осы сөзі дәлелденген жоқ. Куәгер судьяны алдаған. Жәбір көрген әйелге шабуыл кезінде пышақ жарақатын алған. Оған айыпталушының тікелей қатысы бар.
Ол кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан кейін оның әйелі өтірік айтқаны үшін сот алдында жауап берді. 33 жастағы әйел жалған куәлік еткені үшін кінәлі деп танылды.
Өз сөзінде ол отбасын сақтап қалуға тырысқанын айтты. Себебі балалары бар. Бірақ судья оны да жазаға тартуға шешім шығарды. Әйел бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.