Өңірлер

Құтқарушылар су басу қаупі бар аудандарға аттанды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхив
Архив  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2022
Жазылу
Үш ауданға барлығы 34 маман аттанды
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қосымша күштері су басу қаупі бар аудандарға аттанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құтқарушылар мен өрт сөндірушілерде арнайы көліктер бар. Сондай-ақ, олар өздерімен бірге моторлы қайықтарды алып шықты. Негізгі мақсат – су тасқыны уақытында жергілікті атқарушы органдарға көмектесу.
Департаментті арнайы тобы адамдарды қауіпсіз жерге көшіру, шағын өзендерде мұзды ою, су тасқыны бойынша жағдайды бақылау және тағы басқа шараларға жауап береді. Бірлескен жасақ құрылымдары Ғабит Мүсірепов, Тимирязев мен Айыртау аудандарына жіберілді.
Дәл сол жерде елді мекендерді су басу қаупі бар. Құтқарушыларға 9 жол талғамайтын арнайы техника, байланыс құралдары, қайықтар мен мотопомпалар берілді. Үш ауданға барлығы 34 маман аттанды.
Бұған дейін синоптиктер Ғабит Мүсірепов ауданында еріген қардың суы көп жиналып жатқанын хабарлаған.
Ал Тимирязев ауданында мұз судың өтуіне кедергі жасап жатыр. Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, бүгін, 3 сәуірде Есіл өзені мен оның тармақтарында мұздың еруі байқалады. Ал шағын өзендерде судың деңгейі көтерілді.
Жаңалықтар
0