https://sputnik.kz/20220403/politsiya-kassirler-adam-23921168.html
Ақтөбелік полиция кассирлерді алдайтын ер адамды іздестіріп жатыр
Ақтөбелік полиция кассирлерді алдайтын ер адамды іздестіріп жатыр
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында кассирді алдап кеткен ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция... 03.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-03T13:53+0500
2022-04-03T13:53+0500
2022-04-03T14:14+0500
қоғам
кассир
ер адам
полиция
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15702161_0:0:3095:1741_1920x0_80_0_0_0a19d0ea7ac720a83240cda386bcf018.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында кассирді алдап кеткен ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, "Keruen city" сауда орталығында орналасқан бутиктердің біріне шамамен 30-35 жастағы ер адам кірген. Арықша келген, үстінде қара киім болған. Ол 120 мың теңге сомасындағы ірі купюраларды ұсақтап беруді сұраған.Бутик қызметкері ақшаны ұсақтап берген. Ал ер адам оның көзінше алдымен барлық ақшаны санап шығып, кейін арасында ескі банкноттар бар деп өз ақшасын қайтарып беруді өтінген. Бірақ 40 мың теңгені жасырып қалған. Кассирге 80 мың теңге ғана қайтарған. Менеджер қолма-қол ақшаны қайта санамаған."Осылайша, ер адам қалтасына 160 мың теңгені салып алып, ізін жасырған. Павильон қызметкері ақшаның жоғалғанын артынан білді", - дейді полицейлер.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Полиция видеоға түсіп қалған күдікті туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
https://sputnik.kz/20211118/WhatsApp-alayak-million-18694983.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0a/15702161_387:0:2708:1741_1920x0_80_0_0_f9449b277098398ac0086f6e2e1bbc0d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кассир, ер адам, полиция
Ақтөбелік полиция кассирлерді алдайтын ер адамды іздестіріп жатыр
13:53 03.04.2022 (жаңартылды: 14:14 03.04.2022) НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Ақтөбе қаласында кассирді алдап кеткен ер адамның әрекеті
видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, "Keruen city" сауда орталығында орналасқан бутиктердің біріне шамамен 30-35 жастағы ер адам кірген. Арықша келген, үстінде қара киім болған. Ол 120 мың теңге сомасындағы ірі купюраларды ұсақтап беруді сұраған.
Бутик қызметкері ақшаны ұсақтап берген. Ал ер адам оның көзінше алдымен барлық ақшаны санап шығып, кейін арасында ескі банкноттар бар деп өз ақшасын қайтарып беруді өтінген. Бірақ 40 мың теңгені жасырып қалған. Кассирге 80 мың теңге ғана қайтарған. Менеджер қолма-қол ақшаны қайта санамаған.
"Осылайша, ер адам қалтасына 160 мың теңгені салып алып, ізін жасырған. Павильон қызметкері ақшаның жоғалғанын артынан білді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция видеоға түсіп қалған күдікті туралы қандай да бір ақпарат болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.