Өңірлер

Павлодар облысында көпбалалы отбасына жаңа баспана беріледі

© Photo : Пресс-служба акимата Павлодарской областиПавлодар облысында көпбалалы отбасына жаңа баспана беріледі
Павлодар облысында көпбалалы отбасына жаңа баспана беріледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2022
Жазылу
Олардың бұрын тұрған жер үйін су басып, апатты деп танылды
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Павлодар ауданы әкімінің шешімімен Рождественка ауылында тұратын көпбалалы отбасына жаңа баспана беріледі, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Отбасының бұрынғы үйін еріген қар суы басқан.
Өңір басшысы аудан әкімі Ержан Иманслямға Абай көшесіндегі су басқан №67 үйді апатты деп тануды тапсырды.
"Сіздің үйіңіз апатты деп танылды, онда тұру қауіпті. Сізге барлық қажетті материалдық көмек көрсетіледі", - деді Әбілқайыр Сқақов отбасының отағасы Анатолий Остапенкоға.
Анатолий мен Анастасия Остапенколар төрт бала тәрбиелеп отыр, олардың екеуі мектепке барады.
Қазір ауылда ТЖ режимі жарияланды. Облыстың ТЖД бастығы Жасұлан Жұмашев өңір басшысына үйлерді су баспау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
"Су бұру үшін арық қазу оң нәтиже берді. Қазір еріген қар суы далаға кетіп жатыр. Ойпаң жерлерде су сору жұмысы жалғасуда", - деді облыстың бас құтқарушысы.
Батыс Қазақстан облысында елді мекендерді су басты - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2022
Өңірлер
БҚО-дағы төтенше жағдай: өңірге шұғыл қосымша күштер жіберілді
31 наурызда Павлодар ауданы Рождественка ауылында Абай көшесіндегі №67 жер үйді толығымен су басып кетті.
Елді мекенде барлығы 5 тұрғын үй, 30 аула су астында қалды. Облыстық ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың күштерімен су сору жұмысы басталды.
Айта кетері, бұл ауыл су басу қаупі бар 35 елді мекеннің қатарына кірмеген.
Жаңалықтар
0