https://sputnik.kz/20220403/batys-qazaqstan-tasqyn-mal-23923734.html
Батыс Қазақстанда тасқын салдарынан 108 бас мал қырылды
Батыс Қазақстанда тасқын салдарынан 108 бас мал қырылды
Sputnik Қазақстан
Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде су тасқыны болды 03.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-03T16:59+0500
2022-04-03T16:59+0500
2022-04-04T11:49+0500
өңірлер
су тасқыны
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/1363/92/13639252_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ce6103665d694a9db7d53826e09f76f8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында тасқыны су салдарынан 108 бас мал қырылды.Бұған дейін сағат 13.00-дегі жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысында 172 үй су астында қалғаны туралы ақпарат берілген болатын. Министрлік мәліметінше, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 8 елді мекенде 184 тұрғын және 15 саяжай үйлері, 2 әлеуметтік нысан еріген қар суының астында қалды. Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су бұрылды."841 адам алдын ала эвакуацияланды, оның ішінде 430-ы уақытша эвакуациялау пункттерінде, 411-і туысқандарында орналастырылды. Су басқан 141 тұрғын және 15 саяжай үйлері бақылауда", - делінген хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1363/92/13639252_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8cdf13810c81bc8b72fa609cc5f6e703.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, төтенше жағдай
су тасқыны, төтенше жағдай
Батыс Қазақстанда тасқын салдарынан 108 бас мал қырылды
16:59 03.04.2022 (жаңартылды: 11:49 04.04.2022) Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде су тасқыны болды
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында тасқыны су салдарынан 108 бас мал қырылды.
Бұған дейін сағат 13.00-дегі жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысында 172 үй су астында қалғаны туралы ақпарат берілген болатын.
"Комиссиялық тексерулерден кейін 99 үй су астында қалғаны анықталып, нақтыланды. Ақмола және Қарағанды облыстарындағы жергілікті маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде су тасқыны болды. БҚО Жәнібек ауданы Жақсыбай елді мекенінде су басу салдарынан 108 бас мал қырылды", - делінген министрлік ақпаратында.
Министрлік мәліметінше, су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 8 елді мекенде 184 тұрғын және 15 саяжай үйлері, 2 әлеуметтік нысан еріген қар суының астында қалды. Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су бұрылды.
"841 адам алдын ала эвакуацияланды, оның ішінде 430-ы уақытша эвакуациялау пункттерінде, 411-і туысқандарында орналастырылды. Су басқан 141 тұрғын және 15 саяжай үйлері бақылауда", - делінген хабарламада.