Өңірлер

Батыс Қазақстан облысында 170-тен астам үйді су басты – ТЖМ

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаДля борьбы с талыми водами в Западно-Казахстанскую область направлены дополнительные силы и средства МЧС
Для борьбы с талыми водами в Западно-Казахстанскую область направлены дополнительные силы и средства МЧС - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында екі ауылды су басты. 650-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство ақпаратынша, 3 сәуір күні Жәнібек ауданында қардың еруі мен жауын-шашын салдарынан екі елді мекенді су басты.
"Жақсыбай ауылында шамамен 170 үй су астында қалды. Жергілікті атқарушы органдар мен Шекара қызметінің күшімен 637 адам эвакуацияланды. Соның ішінде 305 адам, оның ішінде 89 бала М.Б. Ықсанов атындағы мектеп-балабақша кешеніне және 332 адам туыстарының үйлеріне орналастырылды", - делінген хабарламада.
Ал Таловка ауылында 2 үйді су басқан. Сегіз адам эвакуацияланды, соның ішінде екі бала қазір туыстарының үйінде.
Көктемгі су тасқыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2022
Өңірлер
Көктемгі су тасқыны: Қазақстанда 200-ге жуық адам эвакуацияланды
ТЖД, әкімдіктер, Шекара қызметінің күштері аулаларды аралап, кезекшілік ұйымдастырды.
Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Батыс Қазақстанға МИ-8 тікұшағымен қажетті құрал-жабдықтары бар 12 құтқарушыны және автокөлікпен 34 адам және 4 бірлік техника жіберді.
Сондай-ақ, облыс орталығынан жеке құрамның 20 адамы мен 3 бірлік техникадан тұратын қосымша күштер аттанды.
Жаңалықтар
0