https://sputnik.kz/20220402/qos-qoly-zhoq-kasipker-ayel-zhanaozendik-qyz-kelinshekterge-tigin-tigudi-uyretti-23908642.html
Қос қолы жоқ кәсіпкер әйел жаңаөзендік қыз-келіншектерге тігін тігуді үйретті
Қос қолы жоқ кәсіпкер әйел жаңаөзендік қыз-келіншектерге тігін тігуді үйретті
Sputnik Қазақстан
Жаңаөзенде көрпе фестивалі өтті 02.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-02T12:26+0500
2022-04-02T12:26+0500
2022-04-02T12:27+0500
кәсіпкер
қоғам
https://sputnik.kz/img/07e6/04/02/23908715_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_b83eba13d3e9e9ce4a0d22f55999f406.png
НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында "Көрпе FEST-2022" мегафестивалі өтті. Шара аясында аяғымен іс тігетін кәсіпкер әйел қыз-келіншектерге тренинг өткізді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.Фестивальге Жаңаөзен қаласынан және оған іргелес ауылдардан 100-ге жуық қыз-келіншек қатысты. Олардың ішінде көпбалалы аналар да бар. Ал Тараз қаласынан екі аяғымен іс тігетін танымал кәсіпкер Анар Бексұлтанова келді.Туғанынан екі қолы жоқ ісмер жаңаөзендік қыз-келіншектерге мотивациялық тренинг өткізді. Тігіншілікті табыс көзіне айналдырған Анар замандастарын қиындықтан қаймықпай, еңбек етуге шақырды."Істей алмаймын, қолымнан келмейді деген сөзді мен жалқаулық деп санаймын. Менің аяғыммен істеп отырған жұмысты аяқ-қолы сау кез-келген қыз-келіншек жасай алады. Бастысы ниет керек. Жұмыстан қорықпау керек.Талпыныс бар жерде, жеңіс болады",- дейді Анар Бексұлтанова.Фестиваль аясында оқыту семинарлары, тігін және қолданбалы өнер бойынша сабақтар өткізілді. Жобаның мақсаты – әйелдер мен көпбалалы аналарды шағын және орта бизнеске тарту, өз кәсібін ашуға көмек көрсету.Айта кетері, Анар Бексұлтанова аяғымен кесте тігіп қана қоймай, сурет те салады. Бұған дейін кәсіпкер әйел Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат беріп, тігіншілікпен қалай табыс тауып жүргенін айтып берген еді. Сондай-ақ, өмірдегі ең үлкен мотивациясы туралы да айтты.
https://sputnik.kz/20200220/kasipker-ayel-anar-12892017.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/02/23908715_72:0:1207:851_1920x0_80_0_0_9326ce679faaa8d4df8e4c0b319f894a.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кәсіпкер
Қос қолы жоқ кәсіпкер әйел жаңаөзендік қыз-келіншектерге тігін тігуді үйретті
12:26 02.04.2022 (жаңартылды: 12:27 02.04.2022) Жаңаөзенде көрпе фестивалі өтті
НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында "Көрпе FEST-2022" мегафестивалі өтті. Шара аясында аяғымен іс тігетін кәсіпкер әйел қыз-келіншектерге тренинг өткізді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Фестивальге Жаңаөзен қаласынан және оған іргелес ауылдардан 100-ге жуық қыз-келіншек қатысты. Олардың ішінде көпбалалы аналар да бар. Ал Тараз қаласынан екі аяғымен іс тігетін танымал кәсіпкер Анар Бексұлтанова келді.
Туғанынан екі қолы жоқ ісмер жаңаөзендік қыз-келіншектерге мотивациялық тренинг өткізді. Тігіншілікті табыс көзіне айналдырған Анар замандастарын қиындықтан қаймықпай, еңбек етуге шақырды.
"Істей алмаймын, қолымнан келмейді деген сөзді мен жалқаулық деп санаймын. Менің аяғыммен істеп отырған жұмысты аяқ-қолы сау кез-келген қыз-келіншек жасай алады. Бастысы ниет керек. Жұмыстан қорықпау керек.Талпыныс бар жерде, жеңіс болады",- дейді Анар Бексұлтанова.
Фестиваль аясында оқыту семинарлары, тігін және қолданбалы өнер бойынша сабақтар өткізілді. Жобаның мақсаты – әйелдер мен көпбалалы аналарды шағын және орта бизнеске тарту, өз кәсібін ашуға көмек көрсету.
Айта кетері, Анар Бексұлтанова аяғымен кесте тігіп қана қоймай, сурет те салады. Бұған дейін кәсіпкер әйел
Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат беріп, тігіншілікпен қалай табыс тауып жүргенін айтып берген еді. Сондай-ақ, өмірдегі ең үлкен мотивациясы туралы да айтты.