11 жастағы қазақстандық "Голос.Дети" шоуының финалына өтті

© The Voice Kids Russia/Голос Дети"Голос.Дети" жобасының финалистері, архивтегі фото
Голос.Дети жобасының финалистері, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2022
Жазылу
Сағын Өмірбайұлы "Скажите, девушки, подружке вашей" әнін орындап, қазылар алқасының мүшелерін өзіне қаратты
НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Он бір жастағы қазақстандық Сағын Өмірбайұлы ресейлік "Голос.Дети" шоуының 9-маусымының финалына өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Көрмей тыңдау кезеңінде Сағын "Скажите, девушки, подружке вашей" әнін шырқады. Неаполитандық Dicitencello vuje әні 1930 жылы жазылған. Орыс тіліне Михаил Улицкий аударған, ТМД елдеріне Сергей Лемешевтің орындауында белгілі.
Қазылар алқасының үш мүшесінің екеуі – Полина Гагарина мен Баста қазақ баласына бұрылды. Жас орындаушы Полина Гагаринаның репертуары өзіне жақын екенін айтып, оны тәлімгер ретінде таңдады.
Сағын Өмірбайұлы Шымкент қаласында дүниеге келген, Қазақстандағы көптеген ән байқауына қатысқан. Сағынның айтуынша, ән айтудан бөлек сурет салумен де әуестенеді.
Жаңалықтар
0