Қоғам

Геосаяси жағдайға байланысты Қазақстанда 286 нысанның құрылысы тоқтатылды

© Photo : сайт акимата Нур-СултанаЕлордадағы құрылыс, архивтегі сурет
Елордадағы құрылыс, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2022
Жазылу
84 нысанның құрылысы жобалардың қымбаттауына байланысты тоқтап қалған
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Геосаяси жағдайға байланысты туындаған көлік-логистикалық дағдарыстан елдегі құрылыс материалдары қымбаттап кетті, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, құрылыс материалдарын жеткізушілердің алыпсатарлық әрекеттері де жиілеген.
"Осыған байланысты ішкі нарықтың құрылыс материалдарына деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ импортқа тәуелділікті төмендету және бағаның ауытқуын болдырмау үшін 2025 жылға дейін 15,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашып, 157 инвестициялық жобаны іске асыру ұсынылды", - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда әкімдіктермен, даму институттарымен және "Атамекен" ҰКП-мен келісе отырып, құрылыс индустриясы жобаларын 2025 жылға дейін егжей-тегжейлі іске асыру жөніндегі Жол картасы әзірленіп, бекітілді.
Сонымен қатар индустрия министрлігі "Samruk-Kazyna Construction" АҚ-мен бірлесіп, импортты алмастыратын 35 жоба іріктеп алды.
Министрлік бюджет қаражаты есебінен салынып жатқан объектілер құрылысының қымбаттауының алдын алу үшін шаралар қабылдады.
"Қазіргі процестерге байланысты Қазақстанда мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан 286 нысанның құрылысы тоқтатылғанын атап өткен жөн. Оның ішінде 84 нысанның құрылысы жобалардың қымбаттауына байланысты тоқтап қалған", - деп мәлімдеді министрліктегілер.
Ведомство ақпаратынша, құрылыс саласын тұрақты мониторингілеу барысында құрылысты қаржыландыру кезінде жергілікті атқарушы органдардың жүйесіз іс-қимылы жобаның қымбаттауына әкеп соғады. Өйткені олар бір нысанды аяқтамай, тағы бірнеше жобаны жүзеге асыруға кіріседі. Сөйтіп құрылыстың аяқталу мерзімін ұзартады.
"Бұл мердігерлердің өз міндеттемелерін толықтай орындамай, құрылыс жұмыстарының тоқтауына әкеп соғады. Өткен жылы құрылыс ресурстары құнының өсуіне байланысты әкімдіктер 641 жоба бойынша құрылыс құнын түзету бойынша өтініш білдірген", - дейді ведомство.
Пәтер кілті - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.03.2022
Экономика
Тұрғын үй бағасы қымбаттай ма – вице-премьер жауап берді
Осыған байланысты ИИДМ қаржы министрлігіне қаржыландыру мерзімдерін орындау бойынша жауапкершілікті қатаңдатуды, сондай-ақ жобаларды түзету бойынша мемлекеттік аудит жүргізу мерзімдерін нақтылауды ұсынды.
Қабылданып жатқан шаралар елдегі тұрғын үй және өнеркәсіп құрылысының қарқынын төмендетпеуге мүмкіндік береді.
Жаңалықтар
0