Әлем

Белгілі ресейлік әртіс қайтыс болды

© Photo : kino-teatr.ruЕлена Яковлева
Елена Яковлева - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2022
Жазылу
"Чародеи" және "Экипаж" фильмдерінің жұлдызы ауыр сырқаттан көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Санкт-Петербургте "Экипаж" фильміндегі рөлімен танымал актриса Александра Яковлева 65 жасқа қараған шағында өмірден өтті.
Бұл туралы РИА Новости басылымына "Экипаж" картинасының режиссері Николай Лебедев хабарлаған.
"Иә, бұл рас. Ауыр қайғы. Оның ауырғанын білесіздер, ол сырқаты жайлы өзі айтқан еді", — деді ол.
Әртіс өмірінің соңғы күндерін Санкт-Петербургте өткізді. Бірақ туыстары оны туған жері - Калининградқа жерлейді.
Александра Яковлева – кеңестік және ресейлік театр және кино әртісі, кинорежиссер. 1957 жылы 2 шілдеде Калининградта дүниеге келген. 1978 жылы Ленинград мемлекеттік музыка және кинматография институтын тәмамдады. 1993 жылы актриса кинодан кетті.
Яковлева "Экипаж", "Чародеи" және "Человек с бульвара Капуцинов" картиналарындағы рөлдерінен кейін танымал болды.
Жаңалықтар
0