https://sputnik.kz/20220402/bas-mufti-ramazan-ayy-ne-isteu-kerek-video-23908188.html
Бас мүфти Рамазан айында не істеу керек екенін айтты – видео
Бас мүфти Рамазан айында не істеу керек екенін айтты – видео
Sputnik Қазақстан
Бас мүфти кәсіпкерлерді азық-түлік бағасын төмендетуге шақырды 02.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-02T11:33+0500
2022-04-02T11:33+0500
2023-08-09T09:54+0500
қоғам
бас мүфти
рамазан айы
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0e/16799203_0:160:3075:1889_1920x0_80_0_0_26ef2b371898d5d9f2f36a430ae03615.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады."Рамазан – тәрбие мен тағылым айы. Ендеше, берекелі айда көбірек сауапты амал жасауға асығайық, ағайын! Ата-анамыздың, қазыналы қарттарымыздың дұғасы мен алғысын алуға тырысайық. Мүмкіндікке қарай мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, науқастың көңілін сұрап, сауап алайық", - деді Тағанұлы.Осы орайда бас мүфти Мұхаммед пайғамбардың "Кімде кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді", – деген сөзін еске алды."Рамазан – Раббымыздың мейірім-махаббатына бөленетін ай. Берекелі айдың берекетінен құр қалмайық, халайық. Сауабы еселеніп жазылатын айда әрбір ізгі амалымыз қабыл болғай. Алла Тағала ұстаған оразамызды, қоғам үшін жасалған қайырлы істерімізді мол сауаптан жазғай. Еліміз аман, жеріміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай!", - деді Тағанұлы.Осы ретте Бас мүфти кәсіпкерлерді қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырды.
https://sputnik.kz/20220402/toqaev-qazaqstan-khalqy-ramazan-23905761.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/0e/16799203_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_7fa153a623b52c4db2f0ee8823760493.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас мүфти, рамазан айы
Бас мүфти Рамазан айында не істеу керек екенін айтты – видео
11:33 02.04.2022 (жаңартылды: 09:54 09.08.2023) Бас мүфти кәсіпкерлерді азық-түлік бағасын төмендетуге шақырды
НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады.
"Рамазан – тәрбие мен тағылым айы. Ендеше, берекелі айда көбірек сауапты амал жасауға асығайық, ағайын! Ата-анамыздың, қазыналы қарттарымыздың дұғасы мен алғысын алуға тырысайық. Мүмкіндікке қарай мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, науқастың көңілін сұрап, сауап алайық", - деді Тағанұлы.
Осы орайда бас мүфти Мұхаммед пайғамбардың "Кімде кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді", – деген сөзін еске алды.
"Рамазан – Раббымыздың мейірім-махаббатына бөленетін ай. Берекелі айдың берекетінен құр қалмайық, халайық. Сауабы еселеніп жазылатын айда әрбір ізгі амалымыз қабыл болғай. Алла Тағала ұстаған оразамызды, қоғам үшін жасалған қайырлы істерімізді мол сауаптан жазғай. Еліміз аман, жеріміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай!", - деді Тағанұлы.
Осы ретте Бас мүфти кәсіпкерлерді қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырды.