Ұлттық банк алдағы демалыс күндеріне доллар бағамын бекітті

© Sputnik / Тимур БатыршинДоллары и тенге
Доллары и тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2022
Жазылу
Қор биржасы өз жұмысын дүйсенбіде, 2022 жылдың 4 сәуірінде жалғастырады
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі 2, 3 және 4 сәуірге шетел валютасының ресми бағамын белгіледі. Доллар 472,56 теңге, ал рубль 5,8 теңге болады.
Мұндай бағам Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша бекітілді.
Жұмадағы сауда-саттық күнінің соңында теңгенің орташа сараланған бағамы 472,81 теңгеге дейін аздап әлсіреді, бұл алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда 5,78 теңгеге көп.
Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды орта есеппен 478-479 теңгеге сатса, 475 теңгеге сатып алуда.
2022 жылдың наурыз айында 990,5 миллион долларға валюталық интервенция жасалды.
Ұлттық банк  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2022
Экономика
Ұлттық банк наурызда 990 млн АҚШ долларына валюталық интервенция жасады
Жаңалықтар
0