Украинадағы биозертханалар

© Photo : Pixabay / Herney GómezЛаборатория
Лаборатория - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2022
Жазылу
Украинадағы биозертханалар жаппай қырып-жою қаруының компоненттерін әзірлеумен және патогендерді іргелес жатқан Ресей территориясына жеткізу технологияларын дайындаумен айналысқан, деп санайды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша арнайы әскери операциясы АҚШ Қорғаныс министрлігінің биологиялық бағдарламасының құпиясын ашуға, Киев режимі мен Байден отбасының түрлі экспериментке қандай қатысы бар екенін білуге ​​мүмкіндік берді.
Бүгінде Пентагонның сібір жарасы, конго-қырым геморрагиялық безгегі және африкалық шошқа обасының қоздырғыштарын қолдануға ббағытталған UP-2, UP-8, UP-9, UP-10 украин жобалары туралы мәлім болды. Ал UP-4 және Р-781 қауіпті жобалары бактериялық және вирустық патогендерді жыл құстары және жарқанаттар арқылы адамзатқа "жеткізу" мүмкіндіктерін зерттеуге бағытталған.
31 наурызда РФ қорғаныс министрлігі АҚШ-тың Украина аумағындағы қылмыстық әскери-биологиялық жұмысының жаңа құжаттары мен айғақтарын әлем қауымдастығының назарына ұсынды.
Ресей ҚК радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскерінің басшысы Игорь Кириллов 2021 жылдың желтоқсанында "Мотор Сич" украин кәсіпорнының түріктердің "Байрактар" пилотсыз ұшу аппаратын шығаратын компаниямен өзара әрекеттестігі туралы айтып берді.
Ресей-Украина келіссөзі - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Ресей Путин мен Зеленскийдің кездесуі жөнінде шешім ұсынды
"Қос кәсіпорын биологиялық белсенді аэрозольдерді пилотсыз жеткізу және шашудың технологиялық мүмкіндіктерін анықтаумен айналысқан. Киев режимі АҚШ-пен өзара іс-қимыл аясында биологиялық қаруды Ресейге және оның одақтастарына қарсы қолдануға дайындық жүргізген", - деп жазды әскери шолушы.
Түрік "Байрактарының" 300 километрге дейінгі ұшу қашықтығы Пентагонның Харьковтағы зертханасынан Белгород, Воронеж, Курск, Донецк пен Луганск халық республикаларының бүкіл аумағын қамти алады.
Біраз бұрын РФ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев Ресей АҚШ-тың Украинадағы әскери-биологиялық қызметіне қатысты айғақтар базасын жинақтауды аяқтап жатқанын және жақын уақытта "бүкіл өркениетті әлем адамдарға эксперимент жүргізген Үшінші рейтің ісін Америка жалғастырып отырғанына куә болатынын" айтты.
Украинада Германияның өз әскери-биологиялық бағдарламасы болғанын және оны Германия федеративті республикасы сыртқы істер министрлігі және Бундесвер қаржыландырғанын атап өту керек. Ресейдің Женевадағы БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Геннадий Гатиловтың айтуынша, неміс дипломаттары мен әскерилері конгр-қырым геморрагиялық безгегін және оның кене арқылы адамдарға жұғу әдістерін зерттеген.
Ал әскери ведомстволар мен дипломатиялық өкілдіктерге басқа елдің аумағында жұмыс жүргізуі регламентпен реттелетінін, конго-қырым безгегі, геморрагиялық безгек, хантвоирустар тобы, лептоспироз адам өліміне алып келетін инфекциялық аурулар болып табылады.
Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің қолына Украинада биологиялық қару әзірленгенінің барлық айғағы тұр. Хроленконың айтуынша, алдын ала мәлімдегендей сынақ әскери қызметшілерге емес, славян ұлтына жататын әйелдерге жүргізілген.
АҚШ аумағында мұндай зерттеулер жүргізілмейтіні, Форт-Детриктегі "орталық кеңсе" 2019 жылы жабылып қалғаны Ресей шекарасына жақын маңда, Пентагонға қарасты грузин биозертханасы мен Вирджиния политехниалық институтын тарту арқылы әскери-биологиялық жұмыс жүргізуге қатысты күмәнді арттырып отыр.
Ресей жүргізіп отырған арнайы әскери операция кезінде анықталған АҚШ-тың Украинадағы әскери-биологиялық жобаларына қатысты халықаралық шу туды. Америкалық Fox News телекомпаниясы Пентагон кемінде 14 жылдан бері Украинадағы биозертханаларды қаржыландырғанын, жобаның бір бөлігі биоқаруға байланысты болғанын және осыған қатысты қандай да бір ресми жауап берудің өзі күлкілі екенін айтты.
 Катовице қаласынан келген алтыншы рейс - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Қоғам
Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау аяқталды
Ал Daily Wire басылымы Украинада биозертханалар болғанын Пентагон мен АҚШ Мемлекеттік департаменті мойындағанын жазды. Global Times АҚШ-тың бұрынғы биологиялық зерттеулерінің салдары туралы еске салды. Unz Review Украинада биоқару дайындаған АҚШ билігін әскери қылмыскер деп қарастыру керектігін ұсынды.
New York Post тергеуі АҚШ президентінің ұлы Хантер Байденнің инвестициялық қоры Украинадағы "америкалық құпия зертханаларда биологиялық қару дайындау бойынша" зерттеулерді қаржыландырғанын дәлелдеді. Daily Mail британ басылымы да осы тектес матераилды жарыққа шығарды. Sasapost басылымы Украинадағы биозертханалары әлемде жаңа пандемия туындауына себепші бола ма деген күдікпен бөлісті. Ал АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп ресейлік президент Владимир Путиннен барлық айғақты еш бүкпесіз жария етуді сұрады.
"Украинада биологиялық жүргізілген зерттеулер нысандар бар. Біз ресейлік әскерилер оларды өз бақылауына алуға тырысады деп секемденіп, қазір украиндермен бірге ол зерттеу материалдары ресейліктердің қолына түспеуі бойынша бірлесіп әрекет етіп жатырмыз", - деді біраз бұрын АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Виктория Нуланд.
Америкалықтар Киев, Харьков, Одессадағы әскери зертханалардан құжаттар, деректер базасы, биоматериалдар мен жабдықтың (Львовота) басым бөлігін эвакуациялап үлгерген.
Қытайдың сыртқы істер министрлігі халықаралық қауымдастықты Ресей ұсынған Украинадағы АҚШ биозертханалары туралы деректерді егжей-тегжейлі зерттеп, оған тиісінше баға беруге шақырды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0