https://sputnik.kz/20220401/turkistan-oblysy-urlyq-23886918.html
Түркістан облысында 50-ден астам пәтерге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
Түркістан облысында 50-ден астам пәтерге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
Sputnik Қазақстан
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды 01.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-01T09:22+0500
2022-04-01T09:22+0500
2022-04-01T09:22+0500
өңірлер
түркістан облысы
ұры
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында 50-ден астам пәтерге ұрлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазығұрт ауданы полициясына жергілікті тұрғын арызданып, түнде үйінен алтын бұйымдары мен бір миллион теңгесі қолды болғанын айтқан. Шығынның жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асады. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық кодекстің "ұрлық" бабы бойынша тіркелді. Қылмысты ашу үшін департаменттің жедел уәкілдері мен жергілікті полициядан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде бұған дейін пәтер ұрлығы бойынша сотталған Шымкент қаласының тұрғынын анықтады. Полицияның хабарлауынша, жас жігіт үйлердің пластик терезесін бұзып ашып, бөлмеден ақша мен алтын бұйымдарды жымқырған. Ұрланған заттарды Шымкент қаласында ломбардқа өткізген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Ұрланған алтынның бір бөлігі тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Полиция күдіктінің ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтайды.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы, ұры
Түркістан облысында 50-ден астам пәтерге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында 50-ден астам пәтерге ұрлық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазығұрт ауданы полициясына жергілікті тұрғын арызданып, түнде үйінен алтын бұйымдары мен бір миллион теңгесі қолды болғанын айтқан. Шығынның жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асады.
Бұл дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық кодекстің "ұрлық" бабы бойынша тіркелді.
Қылмысты ашу үшін департаменттің жедел уәкілдері мен жергілікті полициядан жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде бұған дейін пәтер ұрлығы бойынша сотталған Шымкент қаласының тұрғынын анықтады.
"Күдікті Түркістан облысының Қазығұрт, Келес, Сарыағаш, Ордабасы аудандарында 2020-2022 жылдар аралығында 50-ден астам үйге ұрлыққа түскенін мойындады", - делінген полиция таратқан ақпаратта.
Полицияның хабарлауынша, жас жігіт үйлердің пластик терезесін бұзып ашып, бөлмеден ақша мен алтын бұйымдарды жымқырған. Ұрланған заттарды Шымкент қаласында ломбардқа өткізген.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Ұрланған алтынның бір бөлігі тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Полиция күдіктінің ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтайды.