Қоғам

Тоқаев Рамазан айы қарсаңында Бас мүфтимен кездесті

© Официальный сайт Президента КазахстанаТоқаев пен Наурызбай қажы Тағанұлы
Тоқаев пен Наурызбай қажы Тағанұлы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2022
Жазылу
Президент барша мұсылманды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде президент Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҚМДБ-ның атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды.
© Официальный сайт Президента КазахстанаМемлекет басшысы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
Токаев принял верховного муфтия - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2022
Мемлекет басшысы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
Наурызбай қажы Тағанұлының айтуынша, мүфтият осы жылды "Ислам – ынтымақ пен бірлік діні" деп жариялаған. Осыған байланысты елімізде жыл бойына аталған тақырыпта форумдар өткізіледі. Сонымен қатар дін мен дәстүрді сабақтастыра отырып, жас қыз-келіншектерді имандылыққа баулитын "Әжелер мектебінің" ашылғаны жайлы айтылды.
Мемлекет басшысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ораза айында ұйымдастыратын шаралары туралы мәлімет берілді. Наурызбай қажы алдағы уақытта Түркітілдес елдердің Бас мүфтилерінің алқасы құрылатынын жеткізді.
Ауызашар - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.03.2022
Қоғам
Рамазан айы жақындап қалды: наиб мүфти ораза қай кезде бұзылатынын айтты
Еске салсақ, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. 2 мамыр – Ораза айт күні. 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні.
Пітір садақа мөлшері – 500 теңге.
ҚМДБ жанынан оразаға қатысты сұрақтарға тәулік бойы жауап беретін Діни ақпарат беру орталығы ашылды. Орталық нөмірі – 33-30-30. Оған Нұр-Сұлтан қаласының коды арқылы телефон шалуға болады.
Биылғы Ораза кестесін мына сілтеме арқылы көре аласыз.
Жаңалықтар
0