Тоқаев Нұрғиса Тілендиевтің қызын қабылдады

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобили возле здания Акорды
Автомобили возле здания Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2022
Жазылу
2025 жылы аса көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Отырар сазы" оркестрінің жетекшісі Динара Тілендиеваны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Кездесу барысында қазақ мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды.
Динара Тілендиева Қазақстан президентіне "Отырар сазы" мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің қызметі мен алдағы жоспары туралы мәлімет берді.
© Ақорданың ресми сайтыҚасым-Жомарт Тоқаев "Отырар сазы" оркестрінің жетекшісі Динара Тілендиеваны қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Отырар сазы оркестрінің жетекшісі Динара Тілендиеваны қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2022
Қасым-Жомарт Тоқаев "Отырар сазы" оркестрінің жетекшісі Динара Тілендиеваны қабылдады
Атап айтқанда, ол бірқатар перспективті жобаны жүзеге асыру жайында, оның ішінде италиялық тенор Андреа Бочеллидің репертуарындағы және басқа да қазақтың халық аспаптарында ойнайтын белгілі музыканттардың танымал шығармаларын орындау жөнінде баяндады.
2025 жылы аса көрнекті композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толады. Кездесуде осы мерейтойға арнайы назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев аталған маңызды оқиғаны кең көлемде атап өту қажет екенін айтты.
Динара Тілендиева – композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің қызы.
Айта кетері, 1 сәуір – композитор, дирижер, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының иегері Нұрғиса Тілендиевтің туған күні.
Тілендиев Нұрғиса Атабайұлы 1925 жылы Алматы облысы Іле ауданындағы Шилікемер ауылында дүниеге келген.
Жаңалықтар
0