https://sputnik.kz/20220401/shygys-qazaqstan-izdeu-zeynetker-bala-23898310.html
Шығыс Қазақстанда іздеу салынған зейнеткер мен 10 жастағы бала табылды
Шығыс Қазақстанда іздеу салынған зейнеткер мен 10 жастағы бала табылды
Sputnik Қазақстан
Әйел туыстарымен ұрсысып, құрбысының үйіне кетіп қалғаны анықталды. Ал кәмелетке толмаған бала басқа автобусқа отырып, адасып кеткен 01.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-01T16:05+0500
2022-04-01T16:05+0500
2023-08-11T11:55+0500
атақты адамдар
https://sputnik.kz/img/135/33/1353369_0:368:1521:1224_1920x0_80_0_0_08ada125a0ef034aa3c3fc3fa837e130.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстанда іздеу жарияланған зейнеткер мен 10 жастағы бала табылды, деп хабарлады Polisia.kz.16 наурызда Алтай ауданының ПБ кезекші бөліміне хабар-ошарсыз кеткен 63 жастағы аудан тұрғынының 61 жастағы туысы хабарласып, оның Халықаралық әйелдер күні кешкісін үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны жайлы айтқан.3 күн бойы тәртіп сақшылары әйелді іздеген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 19 наурызда ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алтай ауданының ПБ қызметкерлерімен бірге оның орналасқан жерін анықтады.Тергеу барысында әйел туыстарымен ұрсысып, құрбысының үйіне кетіп қалғаны анықталды. Қазіргі уақытта ол үйіне қайтарылды.Осы жылдың наурыз айының соңында Шығыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері тағы бір жоғалған адамды тапты. Бұл жолы туыстарын әуреге салған облыс орталығындағы орта мектептің 10 жастағы төртінші сынып оқушысы, ол 24 наурыздың түскі уақытында мектептен кетіп, үйіне келмеген.Өскемен қалалық ПБ ЖБО "102" жедел арнасына қызын іздеуге көмек көрсетуді өтінген мектеп оқушысының анасы жүгінді. Өтінішті қабылдай салысымен, ШҚО ПД жеке құрамы дереу жұмылдырылды.Іздестіру шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары жоғалған қызды сол күні тапқан. Тексеру кезінде кәмелетке толмаған шатасып басқа автобусқа отырып, Өскемен қаласының Октябрьский кентіне кетіп қалғаны анықталды. Қазіргі уақытта бала анасының қарамағында.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/135/33/1353369_0:226:1521:1367_1920x0_80_0_0_2d71875e5d703e9adc1223dce551820f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атақты адамдар
Шығыс Қазақстанда іздеу салынған зейнеткер мен 10 жастағы бала табылды
16:05 01.04.2022 (жаңартылды: 11:55 11.08.2023) Әйел туыстарымен ұрсысып, құрбысының үйіне кетіп қалғаны анықталды. Ал кәмелетке толмаған бала басқа автобусқа отырып, адасып кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстанда іздеу жарияланған зейнеткер мен 10 жастағы бала табылды, деп хабарлады
Polisia.kz. 16 наурызда Алтай ауданының ПБ кезекші бөліміне хабар-ошарсыз кеткен 63 жастағы аудан тұрғынының 61 жастағы туысы хабарласып, оның Халықаралық әйелдер күні кешкісін үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны жайлы айтқан.
3 күн бойы тәртіп сақшылары әйелді іздеген. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 19 наурызда ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алтай ауданының ПБ қызметкерлерімен бірге оның орналасқан жерін анықтады.
Тергеу барысында әйел туыстарымен ұрсысып, құрбысының үйіне кетіп қалғаны анықталды. Қазіргі уақытта ол үйіне қайтарылды.
Осы жылдың наурыз айының соңында Шығыс Қазақстан облысының криминалдық полиция қызметкерлері тағы бір жоғалған адамды тапты. Бұл жолы туыстарын әуреге салған облыс орталығындағы орта мектептің 10 жастағы төртінші сынып оқушысы, ол 24 наурыздың түскі уақытында мектептен кетіп, үйіне келмеген.
Өскемен қалалық ПБ ЖБО "102" жедел арнасына қызын іздеуге көмек көрсетуді өтінген мектеп оқушысының анасы жүгінді. Өтінішті қабылдай салысымен, ШҚО ПД жеке құрамы дереу жұмылдырылды.
Іздестіру шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары жоғалған қызды сол күні тапқан. Тексеру кезінде кәмелетке толмаған шатасып басқа автобусқа отырып, Өскемен қаласының Октябрьский кентіне кетіп қалғаны анықталды. Қазіргі уақытта бала анасының қарамағында.