https://sputnik.kz/20220401/qyz-zorlady-ayel-soz-23893545.html
"Төрт жасар қызды зорлады": шу шығарған әйел сөзінен айнып қалды
"Төрт жасар қызды зорлады": шу шығарған әйел сөзінен айнып қалды
Sputnik Қазақстан
Медициналық сараптама кезінде балаға зорлық жасалғаны дәлелденбеді 01.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-01T13:25+0500
2022-04-01T13:25+0500
2022-04-01T13:25+0500
қоғам
зорлық-зомбылық
педофил
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0d/18114054_0:139:1280:859_1920x0_80_0_0_f0faccc0e245ea14e14a1373b28a9bf4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Ақмола облысының тұрғыны күйеуін төрт жасар қызын зорлағаны үшін айыптады. Бірақ сараптамадан кейін сөзінен айнып қалды. Енді, жиенін жауапқа тартуды талап етіп отыр, деп хабарлайды "Астана" арнасы.Келіншек үш баласымен тұрмысқа шыққан. Жақында ол күйеуін төрт жасар қызын зорлады деп айыптады. Полицияға да арыз түсірген. Алайда айыпталушының адвокаты әйелдің бәрін ойдан шығарып отырғанын мәлімдеді. Заңгердің айтуынша, күдікті ресми түрде ажырасуға шешім қабылдады. Осыдан кейін әйел қызын өгей әкесі зорлады деп айтуға көндірген. Оның айтуынша, медициналық сараптама кезінде балаға зорлық жасалғаны дәлелденбеді. Төсек пен киімге де сараптама жасалды. Бірақ жыныстық әрекеттің іздері табылмады. Ақмола облыстық полиция департаменті сараптаманың қорытындысын растады. Бас тергеуші Әсем Кочубаевның айтуынша, полиция педофилия туралы арыз түскен күні сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бірақ айтылған уәждер дәлелін таппады. "Тергеу кезінде жас қыздың өкілі сөзін өзгертіп, зорлық әрекеттерін қыздың өгей әкесі емес, басқа туысы жасады деп шықты", - деді Кочубаева.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/0d/18114054_0:0:1160:870_1920x0_80_0_0_84d7f4fbf6679d0ff2e63dd1ec61639c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зорлық-зомбылық, педофил
"Төрт жасар қызды зорлады": шу шығарған әйел сөзінен айнып қалды
Медициналық сараптама кезінде балаға зорлық жасалғаны дәлелденбеді
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Ақмола облысының тұрғыны күйеуін төрт жасар қызын зорлағаны үшін айыптады. Бірақ сараптамадан кейін сөзінен айнып қалды. Енді, жиенін жауапқа тартуды талап етіп отыр, деп хабарлайды
"Астана" арнасы.
Келіншек үш баласымен тұрмысқа шыққан. Жақында ол күйеуін төрт жасар қызын зорлады деп айыптады. Полицияға да арыз түсірген. Алайда айыпталушының адвокаты әйелдің бәрін ойдан шығарып отырғанын мәлімдеді.
Заңгердің айтуынша, күдікті ресми түрде ажырасуға шешім қабылдады. Осыдан кейін әйел қызын өгей әкесі зорлады деп айтуға көндірген.
"Менің клиентім әйелінің опасыздық жасағанын анықтадым дейді. Ал ажырасуға шешім қабылдап, адвокат жалдағаннан кейін педофилия фактілері туралы арыз аяқ астынан шыға келді", - дейді адвокат Төрехан Оразбек.
Оның айтуынша, медициналық сараптама кезінде балаға зорлық жасалғаны дәлелденбеді. Төсек пен киімге де сараптама жасалды. Бірақ жыныстық әрекеттің іздері табылмады.
Ақмола облыстық полиция департаменті сараптаманың қорытындысын растады. Бас тергеуші Әсем Кочубаевның айтуынша, полиция педофилия туралы арыз түскен күні сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бірақ айтылған уәждер дәлелін таппады.
"Тергеу кезінде жас қыздың өкілі сөзін өзгертіп, зорлық әрекеттерін қыздың өгей әкесі емес, басқа туысы жасады деп шықты", - деді Кочубаева.