Оқиға

Полиция Алматыдағы түндегі "атыс" туралы ақпаратқа түсініктеме берді – видео

© Photo : Рixabay/Skitterphotoқару
қару - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2022
Жазылу
Желі қолданушыларының айтуынша, Lexus LX570 автөлігіне оқ атқан
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Әлеуметтік желіде Алматыда Назарбаев даңғылы мен Сәтпаев көшесі қиылысында атыс болғаны туралы ақпарат тарады.
Желі қолданушыларының айтуынша, Lexus LX570 автөлігіне оқ атқан.
Алматының полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған аумақта тергеу эксперименті жүргізілгенін хабарлады.
"Алматы қалалық полиция департаменті қылмыстық істі тергеу аясында аталған аумақта тергеу экспериментін жүргізгенін хабарлайды", - делінген ақпаратта.
Полиция департаменті азаматтардан үрейге берілмей, тек ресми ақпаратты басшылыққа алуды сұрады.
Жаңалықтар
0