https://sputnik.kz/20220401/nauryz-inflyatsiya-23902943.html
Наурыздың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 12% болды
Наурыздың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 12% болды
Sputnik Қазақстан
Наурызда қырыққабат 50%-ке, қант 34%-ке қымбаттады 01.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-01T20:01+0500
2022-04-01T20:01+0500
2023-08-10T17:15+0500
инфляция
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/07e5/06/15/17395687_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_0229336ec59d4f01da142c5175f73919.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстанда наурызда жылдық тұтынушылық инфляция деңгейі 12% болды, бұл осы жылдың ақпан айымен салыстырғанда 3,3%-ке артық, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.Сонымен қатар бір айда азық-түлік тауарларының бағасы – 5,8%-ке, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 2,8%-ке және ақылы қызметтер – 1,4%-ке өсті.Инфляцияға байланысты азық-түліктің бағасы күрт өсті. Наурызда азық-түлік инфляциясы ақпандағы 10,0%-тен 15,4%-ке дейін жеделдеді.Сонымен қатар азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде ақбас қырыққабат (49,6%), құмшекер (34,3%), пияз (31,2%), банан (27,6%), сәбіз (15,3%) және жемістер мен көкөністер (13,9%) ең көп қымбаттаған.Наурызда азық-түлікке жатпайтын тауарлардың инфляциясы да рекордтық жылдық деңгейді көрсетіп, ақпандағы 8,6%-тен 10,9%-ке көтерілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/15/17395687_177:0:2844:2000_1920x0_80_0_0_549f579ba4baa56d7796cb4854bd2462.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
инфляция, азық-түлік
Наурыздың қорытындысы бойынша жылдық инфляция 12% болды
20:01 01.04.2022 (жаңартылды: 17:15 10.08.2023) Наурызда қырыққабат 50%-ке, қант 34%-ке қымбаттады
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстанда наурызда жылдық тұтынушылық инфляция деңгейі 12% болды, бұл осы жылдың ақпан айымен салыстырғанда 3,3%-ке артық, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Сонымен қатар бір айда азық-түлік тауарларының бағасы – 5,8%-ке, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 2,8%-ке және ақылы қызметтер – 1,4%-ке өсті.
Инфляцияға байланысты азық-түліктің бағасы күрт өсті. Наурызда азық-түлік инфляциясы ақпандағы 10,0%-тен 15,4%-ке дейін жеделдеді.
Сонымен қатар азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде ақбас қырыққабат (49,6%), құмшекер (34,3%), пияз (31,2%), банан (27,6%), сәбіз (15,3%) және жемістер мен көкөністер (13,9%) ең көп қымбаттаған.
Наурызда азық-түлікке жатпайтын тауарлардың инфляциясы да рекордтық жылдық деңгейді көрсетіп, ақпандағы 8,6%-тен 10,9%-ке көтерілді.