Өңірлер

Көшеде мылтық асынып жүрген адам Семей тұрғындарының зәресін ұшырды

© Public Domainқару
қару - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2022
Жазылу
Патрульдік полиция телескопиялық көздеуіш бар мылтық алып жүрген 17 жастағы семейлік жігітті ұстады
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Көшеде мылтық асынып жүрген ер адам Семей тұрғындарының зәресін ұшырды.
Оқиға 29 нарузда болған, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасаөз қызметі.

"Семей қаласындағы Затон полиция бөлімінің кезекші бөліміне 342 кварталдағы "Радуга" сауда үйі ауданында жас жігіт мылтықпен жүргені туралы хабарлама түскен. Патрульдік полиция телескопиялық көздеуіш бар мылтық алып жүрген 17 жастағы семейлік жігітті ұстады", - делінген хабарламада.

Тексеру барысында жігіт туған күніне орай ата-анасы берген ақшаға ойыншық қару сатып алғанын айтты.
Затон полиция бөлімі ювеналдық полиция тобының қызметкерлері заңды өкілдерінің қатысуымен кәмелетке толмаған баламен профилактикалық әңгіме жүргізілді.
Ойыншық мылтық туған күн иесіне қайтарылды.
Жаңалықтар
0