Спорт

Головкиннің гонорары белгілі болды

© AP Photo / Richard DrewГеннадий Головкин
Геннадий Головкин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2022
Жазылу
IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин алдағы жекпе-жегі үшін 12,3 миллион доллар алады
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Жапонияда "суперчемпионға" қарсы шығатын Геннадий Головкиннің гонорарына қатысты ақпарат тарады, деп хабарлады Vringe порталы.
Инсайдердің мәліметі бойынша IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 KO) кепілдендірілген гонорары 12,3 миллион долларды құрайды. Осы сома жекпе-жектің нәтижесіне қарамастан, қазақстандық боксшыға төленеді. Ал оның қарсыласы – жергілікті боксшы, WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы Риота Мурата (16-2, 13 KO) 4,1 миллион доллар алады.
Айта кетері, екі боксшының жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтама қаласында өтеді. Геннадий Головкин осы жекпе-жекте жеңсе, Альвареспен тағы кездесуі мүмкін. Бірақ мексикалық боксшы 7 мамырда өтетін бокс кешінде Дмитрий Биволдан басым түсуі керек.
Жақында Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жекті өткізу туралы келісімшартқа қол қойды. Бокс кеші 17 қыркүйекте екінші орта салмақта ұйымдастырылады. Лас-Вегас бұл шоуды өткізуге фавориттердің қатарында, бірақ басқа аймақтар да өтінім берді.
Жаңалықтар
0