https://sputnik.kz/20220401/eldi-meken-qauipti-aymaq-23890635.html
Елімізде 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр – ТЖМ
Елімізде 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр – ТЖМ
Sputnik Қазақстан
Министрдің айтуынша, су басуға үш нәрсе себеп болды 01.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-01T11:26+0500
2022-04-01T11:26+0500
2022-04-01T11:26+0500
қоғам
төтенше жағдай
тасқын
https://sputnik.kz/img/630/50/6305063_0:147:3119:1901_1920x0_80_0_0_458c7e906604582c5e2dc5a36c99ff1c.jpg
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Қазір елімізде су тасқынына байланысты 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр. Мұндай мәліметті төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин үкімет басшысы Әлихан Смайыловпен телефон арқылы сөйлесу кезінде айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Министрдің айтуынша, су басуға үш нәрсе себеп болды. Бұл – қарды уақытылы шығармау, тазартылмаған арықтар мен еріген су. Қазір еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде су басу қаупі бар. Елді мекендерді су тасқынынан қорғау мақсатында 2017 жылы 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы әзірленіп, бекітілді. Жол картасы аясында 2021 жылы жүзеге асыру жоспарланған 68 іс-шараның 33-і орындалды және 4-і мерзімінен бұрын орындалды. Жалпы еліміз бойынша су тасқыны қаупі бар 1010 елді мекеннің 285-інде су басу қаупі сақталып отыр. Бұл орайда 340 елді мекенді су басу қаупі жойылып, 385 елді мекенде сейілді. Биыл ауа температурасының көтерілген соң ШҚО, БҚО, Атырау облыстарында автомобиль жолдарының 3 учаскесін су басу жағдайы тіркелді. Қалың қардың еруіне байланысты болған екінші толқынның салдарынан Павлодар облысының Рождественка ауылындағы екі тұрғын үй, Батыс Қазақстан облысының Шалғын ауылындағы 25 үй мен 2 әлеуметтік нысан (Қоскөл кентінің халқы эвакуацияланды) еріген қар суының астында қалды. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы 3 автомобиль жолы учаскесін су шайып кетті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/630/50/6305063_194:0:2925:2048_1920x0_80_0_0_8f489c98fd0c64d5ffe69ce80c3ee053.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
төтенше жағдай, тасқын
Елімізде 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр – ТЖМ
Министрдің айтуынша, су басуға үш нәрсе себеп болды
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Қазір елімізде су тасқынына байланысты 227 елді мекен қауіпті аймақта тұр. Мұндай мәліметті төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин үкімет басшысы Әлихан Смайыловпен телефон арқылы сөйлесу кезінде айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Министрдің айтуынша, су басуға үш нәрсе себеп болды. Бұл – қарды уақытылы шығармау, тазартылмаған арықтар мен еріген су. Қазір еліміздің солтүстік және батыс өңірлерінде су басу қаупі бар.
Елді мекендерді су тасқынынан қорғау мақсатында 2017 жылы 2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы әзірленіп, бекітілді. Жол картасы аясында 2021 жылы жүзеге асыру жоспарланған 68 іс-шараның 33-і орындалды және 4-і мерзімінен бұрын орындалды.
Жалпы еліміз бойынша су тасқыны қаупі бар 1010 елді мекеннің 285-інде су басу қаупі сақталып отыр. Бұл орайда 340 елді мекенді су басу қаупі жойылып, 385 елді мекенде сейілді. Биыл ауа температурасының көтерілген соң ШҚО, БҚО, Атырау облыстарында автомобиль жолдарының 3 учаскесін су басу жағдайы тіркелді.
Қалың қардың еруіне байланысты болған екінші толқынның салдарынан Павлодар облысының Рождественка ауылындағы екі тұрғын үй, Батыс Қазақстан облысының Шалғын ауылындағы 25 үй мен 2 әлеуметтік нысан (Қоскөл кентінің халқы эвакуацияланды) еріген қар суының астында қалды. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы 3 автомобиль жолы учаскесін су шайып кетті.