https://sputnik.kz/20220401/bayzaq-oq-dari-qaldyqtary-23888323.html
Жамбылдағы жарылыс: Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қалдықтары жойылады
Жамбылдағы жарылыс: Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қалдықтары жойылады
Sputnik Қазақстан
Оқ-дәрі бөлшектері арнайы жабдықталған жер асты пештерінде өртеледі. 01.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-01T10:22+0500
2022-04-01T10:22+0500
2022-04-01T10:22+0500
видео
жамбыл облысы
жарылыс
https://sputnik.kz/img/07e6/04/01/23887919_0:5:993:564_1920x0_80_0_0_e8b4b9fe5f8dea984c71153c7fcc9a46.png
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасы аумағында оқ-дәрі қалдықтарын жоюға арналған құрылғылар жабдықталған."Барлық жұмыстар қауіпсіздік нормалары мен талаптарын қатаң сақтай отырып ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғындар мен маңайдағы шаруа қожалықтарына төнетін қауіп жоқ. Оқ-дәрі қоймасындағы оқиғалардың салдарын жою жұмыстары туралы ақпараттандыру жүргізіліп, жергілікті тұрғындарға алдын ала хабарланды", - дейді министрліктегілер.Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігін арнайы жабдықталған алаңға шығарып, жою жоспарланған. Ол орындар жергілікті биліктің шешімімен елді мекендерден де, шаруа қожалықтарынан да жырақ орналасқан. Ең жақын деген шаруа қожалығы бір жарым шақырым қашықтықта орналасқан.Жару жұмыстары кезінде инженерлік оқ-дәрілердің алыс қашықтыққа ұшу қаупі жоқ екенін айта кеткен жөн.Әзірге жару жұмыстары басталған жоқ. Жергілікті атқарушы органдар бұл жөнінде тұрғындарды алдын ала хабардар ететін болады.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/01/23887919_119:0:875:567_1920x0_80_0_0_e929bfb30853e248b8725cf9b555dd6b.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, жарылыс, видео
жамбыл облысы, жарылыс, видео
Жамбылдағы жарылыс: Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қалдықтары жойылады
Оқ-дәрі бөлшектері арнайы жабдықталған жер асты пештерінде өртеледі.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасы аумағында оқ-дәрі қалдықтарын жоюға арналған құрылғылар жабдықталған.
"Барлық жұмыстар қауіпсіздік нормалары мен талаптарын қатаң сақтай отырып ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғындар мен маңайдағы шаруа қожалықтарына төнетін қауіп жоқ. Оқ-дәрі қоймасындағы оқиғалардың салдарын жою жұмыстары туралы ақпараттандыру жүргізіліп, жергілікті тұрғындарға алдын ала хабарланды", - дейді министрліктегілер.
Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, инженерлік оқ-дәрілердің бір бөлігін арнайы жабдықталған алаңға шығарып, жою жоспарланған. Ол орындар жергілікті биліктің шешімімен елді мекендерден де, шаруа қожалықтарынан да жырақ орналасқан. Ең жақын деген шаруа қожалығы бір жарым шақырым қашықтықта орналасқан.
Жару жұмыстары кезінде инженерлік оқ-дәрілердің алыс қашықтыққа ұшу қаупі жоқ екенін айта кеткен жөн.
Әзірге жару жұмыстары басталған жоқ. Жергілікті атқарушы органдар бұл жөнінде тұрғындарды алдын ала хабардар ететін болады.