Батыс нацизм жайлы деректерді ұмытқан – ресейлік БАҚ

© Pixabay / Артём Смирнов Калашников автоматы
Калашников автоматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Батыс пен Ресейдің нацизмге қатысты тарихи жадысында айырмашылық көп, деп жазды РИА Новости.
Еуропада Екінші емес, Бірінші дүниежүзілік соғысты Ұлы соғыс деп атайды. Мұны түсінуге болады. Алты сағат (Дания), бес күн (Нидерланды) немесе бір жарым ай (Франция) ішінде жеңіліп қалған соғысты ұлы деп атау қиын. Әйтсе де Қарсылық қозғалысының ерлігі ұмытылмайды. Әзірше оны ұмытпай отырған тек Ресей ғана.
Ұлы соғыста барлық қатысушы елдің әскерилері мен бейбіт халқы арасындағы адам шығыны шамамен 21,5 миллион адамды құрады. Ұлы Отан соғысында КСРО-да бұл көрсеткіш 27 миллион адамға жетті. Оның ішінде 12 миллион адам – сарбаздар мен офицерлер. Қалғаны – бейбіт тұрғындар.
Ал АҚШ-та – 418 мың адам, Ұлыбританияда – 380 мың адам. Салыстыру үшін айтсақ, Сталинград түбіндегі Кеңес Одағының адам шығыны 1,1 миллионнан асып кетті. Әйтсе де олар ортақ жеңіс пен мыңдаған кеңестік азаматтың өмірін сақтап қалуға сүбелі үлес қосты.
"Алайда батыс кәсіпкерлерінің енді қалыптасып жатқан Үшінші рейхты қолдауын түсіндіру қиын. Ол үшін Генри Форд сынды каптализм үлгісінің өмірбаянына тоқталайық. Ол неміс қыранының Еңбек орденімен марапатталған. Ұлттық-социалистік неміс жұмысшылар партиясы дәл осындай белгімен Бенито Муссолини, Франческо Франко мен Йона Антонескуді марапаттаған", - деп жазылған мақалада.
Сонымен қатар гитлерлік Германия экономикасын құрушылардың бірі Ялмар Шахт Нюрнберг процесі кезінде "Дженерал Моторс" пен "Форд Моторс" басшыларын да сотқа тартуды ұсынып, олар неміс өнеркәсібін соғыс үшін қызмет етуге ықпал жасағанын алға тартты. Кеңес Одағынан үрейленгендіктен, Батыс пен Еуропа Гитлердің іс-әрекетіне көз жұмды.
Ресейлік БАҚ жазғандай, осы уақыттан бері Батыс бұл стратегияны берік ұстанып келеді. Өйткені жыртқышты өзгенін қолымен ояту әлдеқайда қауіпсіз.
1993 жылы The Independent британ басылымында жарық көрген "Антикеңестік сарбаз өз әскерін бейбітшілік жолына бастап келеді" деген мақаланы еске түсіруге болады. Араға сегіз жыл салып дәл осы сарбаз өз қарамағындағыларды 11 қыркүйекте Дүниежүзілік сауда орталығын ұшақпен бұзуға итермелейді. Бұл репортаж бен Ладен мен оның Ауғанстандағы КСРО әскеріне қарсы тұруына арналған. АҚШ осы бастамаға қолдау көрсетуге 40 миллиард долларға жуық қаражат жұмсады. Бірақ бұл келісімнің күл-талқаны шыққанына тарих куә.
Батыс Ресеймен соғыста пайдаланып жатқан ауған содырларының күйін кешкендер көп. Дәл осы қатарға Таяу Шығыстағы радикалды исламшыларды да жатқызуға болады. Енді бұл тізімді украин ұлттық батальоны да толықтырып отыр. Киев соғыс жүргізуде бейбіт халықты "тірі қалқан" ретінде қолдануы да мемлекеттер жүргізетін соғыстағы әрекетке ұқсамайды, деп атап өткен мақала авторы.
Ресей мен батыстың тарихи жадындағы айырмашылықтарына қайта оралсақ, олар әртүрлі тәжірибелерден ғана емес, сонымен қатар серіктестердің өткеннен сабақ алмауынан да туындағанын айту керек. Әйтпесе миллиондаған бейбіт халқы бас сауғалап қашқан, босқынға айналған Украинаға қару-жарақ жеткізуді қайта қолға алуын басқаша түсіндіру мүмкін емес.
Жаңалықтар
0