https://sputnik.kz/20220331/zheli-galymdar-vaktsina-23858869.html
"Жұқпалы ауру тудырады": желіде вакцинаға қатысты ақпарат тарады
"Жұқпалы ауру тудырады": желіде вакцинаға қатысты ақпарат тарады
Sputnik Қазақстан
Ғалымдардың осындай вакциналарды әзірлеп жатқаны рас. Бірақ бұл жерде бірнеше маңызды нюанс бар 31.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-31T08:14+0500
2022-03-31T08:14+0500
2022-03-31T08:14+0500
қоғам
вакцина
қауіпті ауру
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861174_0:116:2200:1354_1920x0_80_0_0_eb8663b4077dc31bb01474ef38031c12.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде ғалымдар контагиозды немесе жұқпалы вакциналар жасаумен белсенді айналысуда деген ақпарат тарады. Ақпаратқа сәйкес, мұндай препарат бір адамға егіледі, кейін қарым-қатынас кезінде ол басқаларға вакцинаның компоненттерін жұқтырады, осылайша ол адам келісімін бермей, егіледі. stopfake.kz пікірді талдап, одан неге қорықпау керегін түсіндірді.Ондағы мәліметке сәйкес, біріншіден, бұл вакциналар Эбола безгегі, ірі қара мал туберкулезі, Ласса безгегі сияқты қауіпті аурулардың қоздырғышы болып табылатын жануарларға арналған. Мұндай препаратпен адамдарды вакцинациялау бойынша мәселе қарастырылып отырған жоқ. Мұндай вакциналармен адамдарды COVID-19-ға қарсы иммундау жоспарда жоқ."Екіншіден, бұл технология әзірге әзірлеу сатысында. Сондықтан мұндай препараттарды қолдану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы айтуға әлі ерте", - деп түсіндірілген.Үшіншіден, көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда адамдарды олардың келісімінсіз вакцинациялау заңға қайшы. Атап айтқанда, елімізде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске" сәйкес елдің әрбір азаматы "емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық егулерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе бас тартуға" құқылы."Демек, әлеуметтік желілерде таралған жұқпалы вакциналар туралы ақпарат манипуляциялық сипатқа ие. Мұндай препараттардың әзірленіп жатқанына қарамастан, оларды қолдану туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ және олар адамдарға емес, жануарларға арналған", - делінген ақпаратта.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861174_122:0:2079:1468_1920x0_80_0_0_a3dba8728f3e32af5083ef82dbd79948.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
вакцина, қауіпті ауру
"Жұқпалы ауру тудырады": желіде вакцинаға қатысты ақпарат тарады
Ғалымдардың осындай вакциналарды әзірлеп жатқаны рас. Бірақ бұл жерде бірнеше маңызды нюанс бар
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде ғалымдар контагиозды немесе жұқпалы вакциналар жасаумен белсенді айналысуда деген ақпарат тарады.
Ақпаратқа сәйкес, мұндай препарат бір адамға егіледі, кейін қарым-қатынас кезінде ол басқаларға вакцинаның компоненттерін жұқтырады, осылайша ол адам келісімін бермей, егіледі.
stopfake.kz пікірді талдап, одан неге қорықпау керегін түсіндірді.
"Ғалымдардың осындай вакциналарды әзірлеп жатқаны рас. Бірақ бұл жерде бірнеше маңызды нюанс бар", - деп жазды дереккөз.
Ондағы мәліметке сәйкес, біріншіден, бұл вакциналар Эбола безгегі, ірі қара мал туберкулезі, Ласса безгегі сияқты қауіпті аурулардың қоздырғышы болып табылатын жануарларға арналған.
Мұндай препаратпен адамдарды вакцинациялау бойынша мәселе қарастырылып отырған жоқ. Мұндай вакциналармен адамдарды COVID-19-ға қарсы иммундау жоспарда жоқ.
"Екіншіден, бұл технология әзірге әзірлеу сатысында. Сондықтан мұндай препараттарды қолдану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы айтуға әлі ерте", - деп түсіндірілген.
Үшіншіден, көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда адамдарды олардың келісімінсіз вакцинациялау заңға қайшы. Атап айтқанда, елімізде "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске" сәйкес елдің әрбір азаматы "емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық егулерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе бас тартуға" құқылы.
"Демек, әлеуметтік желілерде таралған жұқпалы вакциналар туралы ақпарат манипуляциялық сипатқа ие. Мұндай препараттардың әзірленіп жатқанына қарамастан, оларды қолдану туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ және олар адамдарға емес, жануарларға арналған", - делінген ақпаратта.