https://sputnik.kz/20220331/su-basu-qaupi-onirler-23867501.html
Министр су басу қаупі бар өңірлерді атады
Министр су басу қаупі бар өңірлерді атады
Sputnik Қазақстан
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында бір аптаның ішінде ауа... 31.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-31T12:47+0500
2022-03-31T12:47+0500
2022-03-31T12:47+0500
өңірлер
су тасқыны
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/old/1169/47/11694796_0:121:1699:1077_1920x0_80_0_0_005517ad53d582a986e6316efa5b083a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өзендердің тасуы салдарынан су басу қаупі бар аймақтарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Ақмола (Есіл өзені, Сергеев су қоймасына дейін), Ақтөбе (Ілек), Қарағанды (Нұра) Батыс Қазақстан (Чижа-2, Деркөл, Шаған) және Қостанай облыстарында (Тобыл және Аят өзендері) орташа көпжылдық мәндермен салыстырғанда ылғал қоры көлемінің артуы тіркелген. Министрдің айтуынша, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында бір аптаның ішінде ауа температурасы көтеріледі деген болжам бар. Соның салдарынан қар еру мен сең жүруі мүмкін. Осы өңірлерде 157 елді мекенді су басу қаупі сақталып отыр. "Сонымен қатар, Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы, тау бөктері аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын түседі деген болжам бар. Осыған байланысты жоғарыда аталған өңірлердің тау бөктері аудандарында көлбеу ағын мен тау өзендері бойынша су тасқыны қалыптасады, сондай-ақ. қар көшкінінің өздігінен түсуіне себеп болуы мүмкін", - деп атап көрсетті Ильин. Қазгидрометтің наурыздың үшінші онкүндігіне арналған нақтыланған апталық гидрологиялық болжамына сәйкес, республика аумағында ауа райы тұрақсыз, қатты жауын-шашын, 23-28 м/с дейінгі екпінді жел күтіледі.
https://sputnik.kz/20220331/atyrau-oblysy-auyl-su-23858658.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1169/47/11694796_51:0:1648:1198_1920x0_80_0_0_725e704f5fdde921d31c8f478ff5e632.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, төтенше жағдай
су тасқыны, төтенше жағдай
Министр су басу қаупі бар өңірлерді атады
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында бір аптаның ішінде ауа температурасы көтеріледі деген болжам бар
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өзендердің тасуы салдарынан су басу қаупі бар аймақтарды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Ақмола (Есіл өзені, Сергеев су қоймасына дейін), Ақтөбе (Ілек), Қарағанды (Нұра) Батыс Қазақстан (Чижа-2, Деркөл, Шаған) және Қостанай облыстарында (Тобыл және Аят өзендері) орташа көпжылдық мәндермен салыстырғанда ылғал қоры көлемінің артуы тіркелген.
"Мәселен, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарында Есіл өзені бойында су басу қаупі бар. Себебі ол жерде көп қар жатыр", - деді Ильин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Министрдің айтуынша, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында бір аптаның ішінде ауа температурасы көтеріледі деген болжам бар.
Соның салдарынан қар еру мен сең жүруі мүмкін. Осы өңірлерде 157 елді мекенді су басу қаупі сақталып отыр.
"Сонымен қатар, Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы, тау бөктері аудандарында, Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктері аудандарында, Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр мен қар түріндегі қатты жауын-шашын түседі деген болжам бар. Осыған байланысты жоғарыда аталған өңірлердің тау бөктері аудандарында көлбеу ағын мен тау өзендері бойынша су тасқыны қалыптасады, сондай-ақ. қар көшкінінің өздігінен түсуіне себеп болуы мүмкін", - деп атап көрсетті Ильин.
Қазгидрометтің наурыздың үшінші онкүндігіне арналған нақтыланған апталық гидрологиялық болжамына сәйкес, республика аумағында ауа райы тұрақсыз, қатты жауын-шашын, 23-28 м/с дейінгі екпінді жел күтіледі.