Өңірлер

Атырау облысында ауылды су басу қаупі сейілді

© Photo : Служба коммуникаций Атырауской областиАтырау облысында ауылды су басу қаупі сейілді
Атырау облысында ауылды су басу қаупі сейілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2022
Жазылу
Қазір Ноғайты өзенінің арнасы төмендеп, тасу қауіпі сейілді. Сағыз ауылында арнайы штаб жұмыс істеп жатыр
АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Атырау облысы Сағыз ауылында Ноғайты өзенінің тасуы тоқтап, қауіп сейілді, деп хабарлады облыстың коммуникациялар қызметі.
30 наурызда Қызылқоға ауданы Сағыз ауылы ішімен өтетін Ноғайты өзені арнасынан шығып, ауылда 20-дан астам үйді су басу қаупі болды.
Қауіпсіздік үшін тұрғындар уақытша эвакуацияланған. Қауіп сейілгеннен кейін барлығы үйіне оралды.
"Жергілікті әкімдік тиісті жұмыстарды жедел атқарып, су басу қаупінің алдын аллды. Үй мен қораларды су баспаған. Алдын ала қауіпсіздік жұмыстары жүргізіледі ", - делінген ақпаратта.
Қауіпсіздік жұмыстарына 20-ға жуық техника, әкімдік қызметкерлері, ауыл тұрғындары, өзге де мекеме өкілдері мен еріктілер – барлығы 200-ден аса адам жұмылдырылды. Олар су басуы мүмкін деген жерлерге арнайы құм салынған қаптар мен топырақтарды толтырып, бөгеттер тұрғызды.
© Photo : Служба коммуникаций Атырауской областиНоғайты өзені арнасына түсіп, су басу қаупі сейілді
Река Ногайты вошла в русло, опасность наводнения миновала - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2022
Ноғайты өзені арнасына түсіп, су басу қаупі сейілді
Тұрғындардың айтуынша, Ноғайты өзені бұған дейін арнасынан шықпаған. Ақпаннан бері мұндай жағдай үшінші рет болып отыр.
"Қазір Ноғайты өзенінің арнасы төмендеп, тасу қауіпі сейілді. Сағыз ауылында аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев бастаған арнайы штаб жұмыс істеп жатыр", - делінген ақпартта.
Бұған дейін Қызылқоға аудандық әкімдігі Сағыз ауылында Ноғайты өзеніне таяу орналасқан үйлердегі тұрғындарды 9 мектеп пен аграрлы техникалық колледжге эвакуацияланғанын хабарлады.
Жаңалықтар
0