Қоғам

Қазақстанда қамауға алудың балама жолы ұсынылды

© Photo : Ішкі істер министрлігіҚазақстанда қамауға алудың балама жолы ұсынылды
Қазақстанда қамауға алудың балама жолы ұсынылды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2022
Жазылу
Есепке алынған адамдарды электрондық бақылау Батыс Еуропа мен АҚШ-та, ТМД елдерінде қолданылады
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшысы Жанат Ешмағамбетов электрондық бақылау құралдарын қамаудың баламасы ретінде қарастыруға болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитет сотталғандарды бақылау үшін 2,5 мың электронды білезік сатып алды. Басым бөлігі Шығыс Қазақстан, Қарағанды мен Қостанай облыстарына таратылды.
Қазіргі кезде осы құралдар тек пробация, яғни, түрмеден шыққандарды бақылау үшін ғана қолданады. Болашақта бас бостандығынан айрудың баламасы ретінде қаралуы мүмкін.
"Есепке алынған адамдарды электрондық бақылау Батыс Еуропа мен АҚШ-тың көптеген дамыған елдерінде, сонымен қатар ТМД елдерінде де қолданылады. Халықаралық тәжірибені зерттеп, біз электронды білезіктерді таңдадық. Көптеген елдерде электронды бақылау құралдары түрмеге қамауға ауыстыру ретінде қолданылады, ал біздің жағдайда білезіктер пробация қызметінің сотталғандарына қолданылатын болады. Болашақта электронды білезіктерді қолдану бас бостандығынан айырудың баламасы ретінде қарастырылады деп ойлаймын", - дейді комитет басшысы Ешмағамбетов.
Оның айтуынша, жазаны өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзатын және бірнеше ескертулері бар сотталғандар, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталғандар электрондық қадағалауға алынатын болады.
Бұл адамдардың бірқатар құқықтары шектеледі. Атап айтқанда, бақылаудағы адамның пробация қызметін жазбаша хабардар етпестен тұрақты тұрғылықты жерін ауыстыруға құқығы жоқ. Сонымен қатар, еркін жүріп-тұруға тыйым салынған.

Электронды білезік қалай жұмыс істейді?

Электронды білезіктер радио сигналмен істейді. Ол үшін GSM/GPRS арнасы қарастырылған. Соның көмегімен нақты уақыт режимінде адамның қозғалысын бақылауға мүмкіндік бар.
Жазаны өтеу жағдайларын бұзу фактілері жылдам анықталады.
Есептегі адам режимді бұзса, планшетке бірден сигнал бірден келеді. Пробация қызметінің инспекторы сотталғандармен дереу байланысады. Егер осындай бірнеше бұзушылық тіркелсе, электрондық қадағалауды бас бостандығынан айырумен ауыстыруға құқылы.
Терінің тітіркенуін тудырмайтын гипоаллергенді белбеуі аяққа тағылады. Оны бұзу оңай емес. Салыстырмалы ылғалдылық - 100%. Онымен суға да түсуге болады.
Білезіктің бір жиынтығы 10 мың теңгеге бағаланып отыр. Соның ішіне қызмет көрсету және техникалық сүйемелдеу кіреді.
Жаңалықтар
0