https://sputnik.kz/20220331/qazaqstan-ozbekstan-temirzhol-qatynasy-23863234.html
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол қатынасы әзірге ашылмайды
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол қатынасы әзірге ашылмайды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін екі ел арасындағы теміржол қатынасы 1 сәуірде қайта ашылады деген ақпарат болған 31.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-31T10:31+0500
2022-03-31T10:31+0500
2022-03-31T10:31+0500
өзбекстан
теміржол
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18387321_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_bcece70d6c346f5894fff306e426a5c4.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар пойыздарының қозғалысын қалпына келтіру белгісіз мерзімге шегерілді, деп хабарлады "Өзбек темір жолдары" АҚ-ның баспасөз қызметі.647/648 Нүкіс – Бейнеу мен 1/2 Ташкент – Алматы халықаралық жолаушылар пойыздарының қатынасын карантиндік шектеулер аяқталғанша кейінге шегеруге Қазақстан бастамашы болды. Осы шешім коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасымен бекітілген.Айта кетері, 2020 жылы наурыз айында Өзбекстан коронавирус пандемиясына байланысты теміржолмен сыртқы жолаушылар қатынасын тоқтатқан болатын. Өткен аптада "Өзбек темір жолдары" компаниясы 1 сәуірден бастап Қазақстанмен арадағы теміржол қатынасы қайта ашылатынын хабарлаған.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0c/18387321_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_c528779785a4bf5cb87b6baf915d6e97.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, теміржол
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы теміржол қатынасы әзірге ашылмайды
Бұған дейін екі ел арасындағы теміржол қатынасы 1 сәуірде қайта ашылады деген ақпарат болған
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар пойыздарының қозғалысын қалпына келтіру белгісіз мерзімге шегерілді, деп хабарлады "Өзбек темір жолдары" АҚ-ның баспасөз қызметі.
647/648 Нүкіс – Бейнеу мен 1/2 Ташкент – Алматы халықаралық жолаушылар пойыздарының қатынасын карантиндік шектеулер аяқталғанша кейінге шегеруге Қазақстан бастамашы болды. Осы шешім коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасымен бекітілген.
"Жол жүру құжаттарын (билеттерді) алып қойған жолаушыларды теміржол кассаларына жүгінуді сұраймыз. Сол жерде билеттің толық құны қайтарылады, я болмаса, Қазақстан Республикасымен арадағы мемлекеттік шекарадағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанша билетті кейінгі уақытқа ауыстыруға болады", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, 2020 жылы наурыз айында Өзбекстан коронавирус пандемиясына байланысты теміржолмен сыртқы жолаушылар қатынасын тоқтатқан болатын. Өткен аптада "Өзбек темір жолдары" компаниясы 1 сәуірден бастап Қазақстанмен арадағы теміржол қатынасы қайта ашылатынын хабарлаған.