https://sputnik.kz/20220331/parlament-zhumys-kuni-23861771.html
Парламент толық емес жұмыс күні істейтін адамдардың құқығын қорғайтын заңды қабылдады
Парламент толық емес жұмыс күні істейтін адамдардың құқығын қорғайтын заңды қабылдады
Sputnik Қазақстан
Толық емес және толық жұмыс уақытында қызмет істейтін азаматтардың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бірдей болады 31.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-31T09:44+0500
2022-03-31T09:44+0500
2023-08-09T09:45+0500
қоғам
жұмысшы
қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
https://sputnik.kz/img/1272/82/12728271_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_d4c88b178ef5c515dc069d7c7f99449e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Парламент сенаты "Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы конвенцияны (175-конвенция) ратификациялау туралы" заңды қабылдады. Құжат президенттің қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Конвенция 1994 жылғы 24 маусымда Халықаралық еңбек ұйымының Бас конференциясында қабылданған. Оның мақсаты – толық жұмыс күні режимінде істейтін қызметкерлердің мүддесін қорғау. Конвенция толық емес жұмыс күні жұмыс істейтін еңбекшілерді қорғауды қамтамасыз ету үшін: Конвенцияға сәйкес, толық емес және толық жұмыс уақытында қызмет істейтін азаматтардың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бірдей болады. Яғни жұмыс уақытының толық немесе толық еместігіне қарамастан қызметкерлердің еңбек демалысының ұзақтығы бірдей болуға тиіс. Бұл ретте депутаттар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтен осы норма толық жұмыс күні қызмет істейтін азаматтардың құқығын бұзу емес пе деп сұрады. "Бұл құқығын бұзу емес. Толық емес жұмыс күні істейтін қызметкерлер кімдер болуы мүмкін деген сұрақ туындайды. Мәселен, кейбір кәсіпорындар бір-екі сағатқа медицина қызметкерлерін жалдайды. Себебі техникаға шығар алдында жүргізушілерді сараптамадан өткізу қажет. Міне, осындай жағдайда ол кісінің еңбек демалысын алу құқығы пайда болуы керек. Сондықтан бұл жерде толық жұмыс істейтін қызметкер мен толық емес жұмыс режимінде істейтін жұмысшының еңбек демалысының ұзақтығы бірдей болуы керек", - деп түсіндірді министр. Алайда, Шәпкеновтің айтуынша, толық және толық емес жұмыс күні істейтін қызметкерлердің жалақысы әртүрлі болады. Конвенция, сондай-ақ, үйде жұмыс істейтін жұмысшылар, соның ішінде бала күтімімен, үй шаруасымен айналысқан аналарға қолдау көрсетеді. Жұмыс істеуге қабілетті, бірақ толық жұмыс күні режимінде істей алмайтын мүгедектігі бар адамдар үшін тең еңбек жағдайларын қамтамасыз етіп, оларға табыс табуға мүмкіндік береді. Парламент заңды бірауыздан қабылдап, президенттің қарауына жолдады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1272/82/12728271_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_e79bb6f929b82217fb9bb8afed89e019.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмысшы, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
жұмысшы, қр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Парламент толық емес жұмыс күні істейтін адамдардың құқығын қорғайтын заңды қабылдады
09:44 31.03.2022 (жаңартылды: 09:45 09.08.2023) Толық емес және толық жұмыс уақытында қызмет істейтін азаматтардың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бірдей болады
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Парламент сенаты "Толық емес жұмыс уақыты жағдайларындағы жұмыс туралы конвенцияны (175-конвенция) ратификациялау туралы" заңды қабылдады. Құжат президенттің қол қоюына жіберілді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Конвенция 1994 жылғы 24 маусымда Халықаралық еңбек ұйымының Бас конференциясында қабылданған.
Оның мақсаты – толық жұмыс күні режимінде істейтін қызметкерлердің мүддесін қорғау.
Конвенция толық емес жұмыс күні жұмыс істейтін еңбекшілерді қорғауды қамтамасыз ету үшін:
ұжымдық келіссөздер жүргізу құқығына және еңбекшілердің өкілдері ретіндегі қызмет құқығына;
еңбек қауіпсіздігі және гигиенасына, ананы қорғауға, жыл сайынғы ақылы демалыс беруге, науқастануы бойынша демалысқа;
жалақыны есептеу әдістеріне, демалыс және мереке күндері жұмысқа ақы төлеуге, еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақыға;
еңбек және жұмыс саласында кемсітушілікке жол бермеуге;
еңбек қатынастарын тоқтату құқығына қатысты шаралар қабылдауды көздейді.
Конвенцияға сәйкес, толық емес және толық жұмыс уақытында қызмет істейтін азаматтардың жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бірдей болады. Яғни жұмыс уақытының толық немесе толық еместігіне қарамастан қызметкерлердің еңбек демалысының ұзақтығы бірдей болуға тиіс.
Бұл ретте депутаттар еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтен осы норма толық жұмыс күні қызмет істейтін азаматтардың құқығын бұзу емес пе деп сұрады.
"Бұл құқығын бұзу емес. Толық емес жұмыс күні істейтін қызметкерлер кімдер болуы мүмкін деген сұрақ туындайды. Мәселен, кейбір кәсіпорындар бір-екі сағатқа медицина қызметкерлерін жалдайды. Себебі техникаға шығар алдында жүргізушілерді сараптамадан өткізу қажет. Міне, осындай жағдайда ол кісінің еңбек демалысын алу құқығы пайда болуы керек. Сондықтан бұл жерде толық жұмыс істейтін қызметкер мен толық емес жұмыс режимінде істейтін жұмысшының еңбек демалысының ұзақтығы бірдей болуы керек", - деп түсіндірді министр.
Алайда, Шәпкеновтің айтуынша, толық және толық емес жұмыс күні істейтін қызметкерлердің жалақысы әртүрлі болады.
Конвенция, сондай-ақ, үйде жұмыс істейтін жұмысшылар, соның ішінде бала күтімімен, үй шаруасымен айналысқан аналарға қолдау көрсетеді.
Жұмыс істеуге қабілетті, бірақ толық жұмыс күні режимінде істей алмайтын мүгедектігі бар адамдар үшін тең еңбек жағдайларын қамтамасыз етіп, оларға табыс табуға мүмкіндік береді.
Парламент заңды бірауыздан қабылдап, президенттің қарауына жолдады.