https://sputnik.kz/20220331/otbasy-bank-zeynetaqy-zhinagy-23866567.html
Отбасы банк зейнетақы жинағына өтінішті наурыздың соңында жолдағандарға кеңес берді
Отбасы банк зейнетақы жинағына өтінішті наурыздың соңында жолдағандарға кеңес берді
Sputnik Қазақстан
Өтінішітер 31 наурыз сағат 23:59-ға дейін қабылданады 31.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-31T11:33+0500
2022-03-31T11:33+0500
2022-03-31T11:33+0500
қоғам
банк
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1c/19001503_0:1:1500:845_1920x0_80_0_0_fe5faa8643343fe6f7bbe6cad664cdda.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Отбасы банкі наурыздың соңында біржолғы зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінім жіберген қазақстандықтарға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан банктің ресми сайтына сілтеме жасап.Айта кетері, бұған дейін банк 2022 жылдың 29 наурызына дейін enpf-otbasy.kz порталында өтінім беріп үлгеру керектігін жариялаған. Себебі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емдеуге арналған зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына сәйкес, банк 2 жұмыс күні ішінде өтінімді өңдеп, БЖЗҚ-ға жібереді. БЖЗҚ қолданыстағы шекті көрсеткіш бойынша өтінімдерді 2022 жылдың 31 наурызын қоса алғанда сағат 23:59-ға дейін қабылдайды және қарастырады. Ал ақша Отбасы банктегі арнайы шотқа түскен жағдайда алаңдамауға болады. Осылайша, арнайы шотқа өз қаражатын түсіріп қойған өтініш берушілер банктің аймақтық филиалдарына бармай-ақ, құжаттарды асықпай жинай алады. Сонымен қатар онлайн режимде жіберуге мүмкіндік бар. Отбасы банкі "соңғы үш күнде зейнетақы жинақтарының артылған сомасы жоғалып кетті" деген мәселені де түсіндірді. Мысалы, 25-28 наурыз аралығында берілген 53 649 өтінім сұралған қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты кері қайтарылған болатын. Оған валюта бағамының өзгеруі әсер еткен. БЗЖҚ-дағы ақша доллармен де сақталады. Сондықтан осы валюта арзандағанда салымшылардың инвестициялық табысы да төмендейді. Ал наурыздың соңында доллар бағамы күрт төмендеген. "Бүгін БЖЗҚ-на жолданатын өтінімді толық жасап аяқтамаған 35 мың өтініш берушіге СМС хабарлама жіберіледі. Оларды порталға кіріп, ЭЦҚ көмегімен екі өтінішке қол қоюды сұраймыз", - деп атап көрсетті банк мамандары.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1c/19001503_186:0:1314:846_1920x0_80_0_0_0066cdcf74cae61394fe2eaea6b3debb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банк, зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
банк, зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
Отбасы банк зейнетақы жинағына өтінішті наурыздың соңында жолдағандарға кеңес берді
Өтінішітер 31 наурыз сағат 23:59-ға дейін қабылданады
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Отбасы банкі наурыздың соңында біржолғы зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінім жіберген қазақстандықтарға кеңес берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан банктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Айта кетері, бұған дейін банк 2022 жылдың 29 наурызына дейін
enpf-otbasy.kz порталында өтінім беріп үлгеру керектігін жариялаған. Себебі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емдеуге арналған зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына сәйкес, банк 2 жұмыс күні ішінде өтінімді өңдеп, БЖЗҚ-ға жібереді.
БЖЗҚ қолданыстағы шекті көрсеткіш бойынша өтінімдерді 2022 жылдың 31 наурызын қоса алғанда сағат 23:59-ға дейін қабылдайды және қарастырады. Ал ақша Отбасы банктегі арнайы шотқа түскен жағдайда алаңдамауға болады.
"Арнайы шотқа ақша түскен сәттен бастап қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында оларды пайдалану бойынша растайтын құжаттарды ұсыну үшін 20 жұмыс күні бар. Осылайша, наурыздың аяғында арнайы шотқа түскен ақшаны 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін қолдануға болады. Егер қаражат емделу мақсатында сұралып, арнайы шотқа түскен болса, онда азаматтардың оларды пайдалану мақсатын растау үшін 45 жұмыс күні бар", - дейді банк мамандары.
Осылайша, арнайы шотқа өз қаражатын түсіріп қойған өтініш берушілер банктің аймақтық филиалдарына бармай-ақ, құжаттарды асықпай жинай алады. Сонымен қатар онлайн режимде жіберуге мүмкіндік бар.
Отбасы банкі "соңғы үш күнде зейнетақы жинақтарының артылған сомасы жоғалып кетті" деген мәселені де түсіндірді.
Мысалы, 25-28 наурыз аралығында берілген 53 649 өтінім сұралған қаражаттың жеткіліксіздігіне байланысты кері қайтарылған болатын. Оған валюта бағамының өзгеруі әсер еткен. БЗЖҚ-дағы ақша доллармен де сақталады.
Сондықтан осы валюта арзандағанда салымшылардың инвестициялық табысы да төмендейді. Ал наурыздың соңында доллар бағамы күрт төмендеген.
"Бүгін БЖЗҚ-на жолданатын өтінімді толық жасап аяқтамаған 35 мың өтініш берушіге СМС хабарлама жіберіледі. Оларды порталға кіріп, ЭЦҚ көмегімен екі өтінішке қол қоюды сұраймыз", - деп атап көрсетті банк мамандары.