Өңірлер

Өскемендіктер әкімнің үстінен полицияға арыз түсірді – видео

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2022
Жазылу
Жыл сайын қалада көктем келе қармен бірге асфальт та еріп кетеді
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Өскеменнің тұрғындары қала әкімін сапасыз төселген жолдар үшін жауапқа тартуды талап етті.
Көлік жүргізушілері полицияға арыз түсірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Қаладағы орталық көшелерінің басым бөлігі шұрық-тесік. Коммуналдық қызметтер қыстан кейін кірпіш төсеп бітегендей болған. Алайда шенеуніктердің бұл "инновациялық шешімі" жол талғамайтын көліктерге де зақым келтіріп жатыр.
"Қалада жол жоқ деуге болады. Барлық көше шұрық-тесік. Жөндеуге жүгінетін көлік иелерінің проблемасы бір. Бәрі жолдың сапасыздығанан туындаған ақаулар", - дейді автокөлік жөндеу станциясының жұмысшысы Сергей Овсянников.
Жергілікті блогер Александра Осипова қираған жолдар туралы әлеуметтік желіде жиі жариялайды.
Алайда оқырмандарының қатарындағы коммуналдық қызмет басшылары мен шенеуніктер бейжай қарап отыр. Себебі халықтың арыз-шағымына құлақ асып жатқан жан жоқ.
"Өмір сүруге жайлы, заманауи қалада тұру құқымызды сақтау механизмі қалған жоқ. Бар үмітіміз полиция болып отыр. Себебі жолымыз жыл сайын қирап жатады. Көктем келе қармен бірге асфальт та еріп кетеді", - дейді Осипова.
Қала тұрғындары әкімнің үстінен полицияға арыз түсірді. Бүгінде шағым белгіленген тәртіпте Өскемен қаласы полиция бөлімінде тіркелді. Полицейлер өтінішті қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде заңмен белгіленген мерзімде хабардар етеміз дейді.
Жолдың қираған тұсын алдын ала байқап, жүйткіп келе жатқан көлікті дер кезінде тоқтатудың сәті де түсе бермейді.
Суағарлар тазаланбағандықтан көше бойы суға толы.
Мұндай жайт Семей тұрғындарына да жақсы таныс. Болашақ Абай облысының орталығындағы жолдарды ретке келтіру үшін бюджеттен 3 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Тиісті тендер де жарияланған. Ал әзірге қар суын сорғылау қажет.
Өскеменде де жөндеу жұмыстарына кірісу үшін күн жылынып, жердің кебуін күтіп отыр. Шамамен 50 мың шаршы метр асфальт жабындысы ретке келтірілуі тиіс.
Жаңалықтар
0