Оқу бағдарламаларына "Кәсіптер атласы" енгізіледі

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстанда жойылып бара жатқан мамандықтарды жаңғыртуға бағытталған атлас мамандар даярлау бағдарламаларына енгізіледі.
Атлас мұнай және газ, энергетика, ауыл шаруашылығы, ақпараттық технологиялар, туризм, көлік және логистика, машина жасау, тау-кен металлургиясы және құрылыс салаларынан тұратын 9 басым бағыт бойынша жүзеге асырылады.
"Қазақстанда жойылып бара жатқан 129 мамандық тіркелген, 95 мамандық трансформация процесінде, 239 жаңа мамандық пайда болды, оның 37-сі мұнай және газ саласында, 32-сі энергетикада, 11-і машина жасауда, 40-ы IT саласында және т. б.", - деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ кадрлар даярлауды қамтамасыз ету жүйесіне мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер қауымдастықтарының өкілдері қатысып жатқаны аталып өтті.
"Қазақстан Республикасындағы жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы" 2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру бағдарламасына енгізілген және еңбек нарығы мен кәсіби стандарттарды болжауға негіз болып табылады.
Биыл Қазақстанның 406 өнеркәсіптік кәсіпорны 406 ТКББ колледжін қамқорлыққа алған. 2021 жылы бар болғаны 51 оқу орны қамқорлыққа алынды.
Қолдау көрсететін кәсіпорындар қамқоршылық және индустриялық кеңестердің құрамына кіреді, педагогтердің тағылымдамадан өтуіне көмектеседі, оқушылардың өндірістік практикадан өтуіне жағдай жасайды және түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша өздеріне белгілі бір міндет алады.
Биыл Қазақстанда кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың мақсатты мемлекеттік тапсырыс бөлінді. Колледждерде техникалық даярлау бағыттарына мемлекеттік тапсырыс үлесі 40%-дан 70%-ға дейін ұлғайтылды.
Жаңалықтар
0