https://sputnik.kz/20220331/mazhilis-zhana-format-23873011.html
Мәжіліс енді жаңа форматта жұмыс істейді
Мәжіліс енді жаңа форматта жұмыс істейді
Sputnik Қазақстан
Депутаттар ашықтықты арттыруға, парламенттік мәдениетті нығайтуға және халықпен арадағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән береді 31.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-31T15:56+0500
2022-03-31T15:56+0500
2023-08-09T09:39+0500
парламент
мәжіліс
https://sputnik.kz/img/23/88/238875_0:317:6017:3701_1920x0_80_0_0_3b86b78408ba4999200a539bb4a6765f.jpg
АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" жолдауының негізгі бағыттарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі төменгі палатаның атқарып жатқан жұмыстары туралы мәлімет берілді.Президентке берілген ақпаратқа сәйкес, екінші сессия басталғалы бері мәжіліс депутаттарының қарауына 96 заң жобасы түскен және оның 53-і мақұлданып, сенатқа жолданған.Сонымен қатар мәжіліс төрағасы парламенттің төменгі палатасы жұмысының жаңа форматы туралы айтты.Ерлан Қошановтың айтуынша, депутаттар енді өз жұмысында ашықтықты арттыруға, парламенттік мәдениетті нығайтуға және халықпен арадағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән береді. Қоғамдағы өте маңызды мәселелер бойынша парламенттік тыңдалымдар мен басқа да іс-шаралар жиі өткізіледі.Парламенттің төменгі палатасында азаматтардың өтініштері мен талап-тілектеріне, соның ішінде депутаттардың өңірлерге сапары барысында көтерілген мәселелерге қатысты жұмыстың жаңа тетіктері енгізіледі. Мәжіліс депутаттары жергілікті жерлерде сайлаушылармен тұрақты кездесулер өткізеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/23/88/238875_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_e181f98c6ef033f48e664bb6893b1019.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
парламент, мәжіліс
Мәжіліс енді жаңа форматта жұмыс істейді
15:56 31.03.2022 (жаңартылды: 09:39 09.08.2023) Депутаттар ашықтықты арттыруға, парламенттік мәдениетті нығайтуға және халықпен арадағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән береді
АЛМАТЫ, 31 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" жолдауының негізгі бағыттарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөніндегі төменгі палатаның атқарып жатқан жұмыстары туралы мәлімет берілді.
Президентке берілген ақпаратқа сәйкес, екінші сессия басталғалы бері мәжіліс депутаттарының қарауына 96 заң жобасы түскен және оның 53-і мақұлданып, сенатқа жолданған.
Сонымен қатар мәжіліс төрағасы парламенттің төменгі палатасы жұмысының жаңа форматы туралы айтты.
Ерлан Қошановтың айтуынша, депутаттар енді өз жұмысында ашықтықты арттыруға, парламенттік мәдениетті нығайтуға және халықпен арадағы ықпалдастықты күшейтуге баса мән береді. Қоғамдағы өте маңызды мәселелер бойынша парламенттік тыңдалымдар мен басқа да іс-шаралар жиі өткізіледі.
Парламенттің төменгі палатасында азаматтардың өтініштері мен талап-тілектеріне, соның ішінде депутаттардың өңірлерге сапары барысында көтерілген мәселелерге қатысты жұмыстың жаңа тетіктері енгізіледі. Мәжіліс депутаттары жергілікті жерлерде сайлаушылармен тұрақты кездесулер өткізеді.