https://sputnik.kz/20220331/ibragimova-zeynetaqy-zhinaqtaryn-paydalanu-otinishter-23866268.html
Зейнетақы қорындағы 5 теңгесін шешіп алмақ болған азаматтан өтініш түсті - Отбасы банк
Зейнетақы қорындағы 5 теңгесін шешіп алмақ болған азаматтан өтініш түсті - Отбасы банк
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ 40 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі сомаға 161 өтінім жолданыпты 31.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-31T11:29+0500
2022-03-31T11:29+0500
2022-03-31T11:29+0500
зейнетақы жинағы
зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744961_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_5b78ba0b47b1dd7aa172efa58589033a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. 1-30 наурыз аралығында enpf-otbasy.kz платформасына түскен өтінімдердің саны 870 мыңға жетті. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 9 есе жоғары. Алайда кейбір өтініште ақылға қонымсыз сомалар болды, деп хабарлады Отбасы банк.Банк басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, өтінімдердің басым бөлігі қайталанады. Бірнеше рет өтініш жіберген адамдар да бар."Бірақ дәл осы наурыз айында біз қалыпты жағдайға жатпайтын процестерді байқадық. Мысалы, 5 теңге алуға өтінім болды, 40 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі сомаға 161 өтінім жолданды", - дейді Ибрагимова.Оның айтуынша, адамның компьютерлік сауаттылығы орташа болса, бір өтінімді жіберуге, шамамен, 15-20 минут кетеді. Сонда кейбір адамдар ақылға қонымсыз өтінімдерді жіберуге де уақыт жұмсайды.Айта кетері, 1 сәуірден бастап біржолғы зейнетақы жинақтарын пайдалану шегі көтеріледі. Осыған байланысты наурыз айында порталға жіберілген өтінімдердің саны күрт өсті.Жалпы, Еnpf-otbasy.kz платформасы 732 мыңнан астам қазақстандыққа тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге қажет ресурстарды алуға көмектесті.
https://sputnik.kz/20220331/qazaqstan-zeynetaqy-zhinagy-zhetkilikti-shegi-uzartylmaydy-23864321.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744961_426:0:2675:1687_1920x0_80_0_0_69632b7e3f3fb47dc529d5bf87806954.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы жинағы, зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
зейнетақы жинағы, зейнетақы қорындағы ақшаны мерзімінен бұрын алу
Зейнетақы қорындағы 5 теңгесін шешіп алмақ болған азаматтан өтініш түсті - Отбасы банк
Сондай-ақ 40 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі сомаға 161 өтінім жолданыпты
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. 1-30 наурыз аралығында enpf-otbasy.kz платформасына түскен өтінімдердің саны 870 мыңға жетті. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 9 есе жоғары. Алайда кейбір өтініште ақылға қонымсыз сомалар болды, деп хабарлады Отбасы банк.
Банк басшысы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, өтінімдердің басым бөлігі қайталанады. Бірнеше рет өтініш жіберген адамдар да бар.
"Бірақ дәл осы наурыз айында біз қалыпты жағдайға жатпайтын процестерді байқадық. Мысалы, 5 теңге алуға өтінім болды, 40 теңгеден 2000 теңгеге дейінгі сомаға 161 өтінім жолданды", - дейді Ибрагимова.
Оның айтуынша, адамның компьютерлік сауаттылығы орташа болса, бір өтінімді жіберуге, шамамен, 15-20 минут кетеді. Сонда кейбір адамдар ақылға қонымсыз өтінімдерді жіберуге де уақыт жұмсайды.
"Мысалы, 200 млн теңгеден 6 млрд теңгеге дейінгі сома көрсетілген 627 өтінім келіп түсті. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің мұндай сомасы ешқашан болмайтыны түсінікті. Мамыр айының басында зейнетақы жинақтарын пайдалану және осы бірегей жобаның ерекшеліктері туралы халыққа толық есеп жариялауды жоспарлап отырмыз", - деп атап көрсетті банк басшысы.
Айта кетері, 1 сәуірден бастап біржолғы зейнетақы жинақтарын пайдалану шегі көтеріледі. Осыған байланысты наурыз айында порталға жіберілген өтінімдердің саны күрт өсті.
Жалпы, Еnpf-otbasy.kz платформасы 732 мыңнан астам қазақстандыққа тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге қажет ресурстарды алуға көмектесті.