Қоғам

Delta Bank топ-менеджерлеріне қатысты тергеу аяқталды – істің мән-жайы

© Sputnik / Абзал Калиевқылмыстық іс
қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.03.2022
Жазылу
Қылмыстық әрекеттен келген шығынның жалпы көлемі 200 млрд теңге, 200 млн доллар мен 4 млн еуродан асып кетті
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қаржылық мониторинг агенттігі "Delta Bank" АҚ топ-менеджерлеріне қатысты тергеу шараларын аяқтады. Бұл туралы агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Салтанат Көшербаева хабарлады.
Тергеу материалдарына сәйкес, банк акционері Нұрлан Тілеубаев ақшаның қайтарылмайтынын біле тұра, кредиттер рәсімдеуге рұқсат берген. Сөйтіп, біраз ақшаны шығарған.
Тілеубаев "Forbes" журналы бойынша Қазақстандағы ықпалды бизнесмендердің қатарына енгенін атап өткен жөн.

"Тергеу кезінде күдіктілер мен олардың туыстарына тиесілі 48 миллиард теңгеден асатын мүлікке арест салынды. Соның ішінде 5 қант зауыты, 20-дан астам жер учаскесі, 70 жылжымайтын мүлік нысаны мен 40 көлік құралы бар", - дейді Көшербаева.

Бұдан бөлек, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей Федарациясы, Латвия мен Чехиядағы активтеріне тыйым салынды.
Қылмыстық әрекеттен келген шығынның жалпы көлемі 200 млрд теңге, 200 млн доллар мен 4 млн еуродан асып кетті.
Қазіргі кезде барлық материал сотқа жолданды. Күдіктілер қамауда отыр.
кеңсе қызметкерлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2017
Экономика
ҚР Ұлттық банкі Delta Bank-тің депозиттер қабылдауға лицензиясын тоқтатты
Жаңалықтар
0