Тоқаев бірнеше елдегі елшіні ауыстырды

© Sputnik / Владислав Воднев Ақорда ғимараты
 Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президент жарлығымен Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев Молдовадағы елші қызметін қоса атқарудан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
Молдова Республикасындағы төтенше және өкілетті елші қызметіне Алмат Айдарбеков тағайындалды.
Сондай-ақ Төлежан Барлыбаев Қазақстанның Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол енді Хорватия, Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы елші қызметін атқармайды.
Хорватия Республикасындағы елші болып Алтай Әбибуллаев тағайындалды.
Жаңалықтар
0