Экономика

Қазақстандықтар ақпанда қанша доллар сатып алды

© AFP 2024 / TED ALJIBEайырбастау пункті
айырбастау пункті - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Жазылу
Бір айда АҚШ долларын сатып алуға арналған шығыстар 10,5%-ке өсті
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Ақпанда ел тұрғындары 197,7 млрд теңгенің долларын сатып алды. Валюталардың түрлері бойынша бөлгенде бір айда АҚШ долларын сатып алуға арналған шығыстар 10,5%-ке өсті.
Ақпанда теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 426,1 – 495,0 теңге аралығында өзгерді. Ақпанның соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 14,2%-КЕ әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 495 теңге болды.
"Теңге-доллар валюта жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 12,9 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттық көлемі – 2,7 млрд АҚШ доллары, биржадан тыс валюта нарығындағы операциялар көлемі – 10,2 млрд АҚШ доллары болды", - делінген хабарламада.
Биржадан тыс нарықтағы операциялардың жалпы көлемінде бір еншілес банктің үлесі 58,5% немесе 6,0 млрд АҚШ долларын құрады.
Жаңалықтар
0