https://sputnik.kz/20220330/qazaqstan-keden-qyzmeti-23847512.html
Қазақстанның кеден қызметін бөлек орган етіп қайта құру ұсынылды
Қазақстанның кеден қызметін бөлек орган етіп қайта құру ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Депутаттың айтуынша, кеден органдары құқық қорғау функциясынан айырылғаннан кейін кеден шекарасы мемлекет тарапынан толық бақыланбай қалды 30.03.2022, Sputnik Қазақстан
2022-03-30T14:59+0500
2022-03-30T14:59+0500
2022-03-30T14:59+0500
қоғам
кеден
https://sputnik.kz/img/917/21/9172126_0:63:1199:737_1920x0_80_0_0_08c0648d7f7764490b9bf0cf6fa11bdb.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттары кеден қызметін мемлекеттік кірістер комитетінің құрамынан шығарып, бөлек орган етуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Депутат Жамбыл Ахметбековтің айтуынша, өңірлерге сапар барысында Кеден қызметінің бір топ ардагері кеден қызметін жеке мемлекеттік орган ретінде қайта құруды ұсынған. 2013 жылға дейін Қазақстанның кеден органы құқық қорғау органының барлық функциясын атқарды. Алайда 2013 жылы құқық қорғау органдарына реформа жүргізілді. Нәтижесінде "еліміздің кеден шекарасын контрабандистерден, есірткі сатушылар мен басқа да қылмыстық элементтерден қорғаған кеден қызметі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшесіне айналды", деп толықтырды Ахметбеков. Депутаттың айтуынша, кеден органдары құқық қорғау функциясынан айырылғаннан кейін кеден шекарасы мемлекет тарапынан толық бақыланбай қалды. "Отандық кеден ардагерлері кейбір лауазымды тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері салдарынан мемлекет миллиардтаған кірістен айырылып жатыр деп санайды. Мемлекет басшысы қаңтардағы үндеуінде кеденде тәртіп орнатса, бюджет кірісін әжептәуір арттыруға болатынын атап өтті. Әсіресе, Қытаймен арадағы шекарада. Нағыз былық сол жерде. Көліктер жіті қаралмайды, баж салығы төленбейді. Қытайдың кеден органдарымен статистикадағы айырмашылық миллиардтаған долларға жетеді", - дейді мәжілісмен. Тиісуге болмайды деген статусы бар әлдебір "өкілетті операторлар" бар. Қазақстан салық түрінде ондаған миллиард теңгеден айырылып жатыр, деді ол. Осыған байланысты депутаттар мұндай фактілерге жол бермеу үшін ел президентіне есеп беретін кеден органдарын қайта жаңғырту қажет деп есептейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/917/21/9172126_65:0:1132:800_1920x0_80_0_0_35691cd9ea635a6f0daf50152a0311b5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кеден
Қазақстанның кеден қызметін бөлек орган етіп қайта құру ұсынылды
Депутаттың айтуынша, кеден органдары құқық қорғау функциясынан айырылғаннан кейін кеден шекарасы мемлекет тарапынан толық бақыланбай қалды
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Мәжіліс депутаттары кеден қызметін мемлекеттік кірістер комитетінің құрамынан шығарып, бөлек орган етуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Жамбыл Ахметбековтің айтуынша, өңірлерге сапар барысында Кеден қызметінің бір топ ардагері кеден қызметін жеке мемлекеттік орган ретінде қайта құруды ұсынған.
"ҚХП фракциясы бұл мәселені терең зерттеп, отандық кеден қызметін реформалау мәселесі өте өзекті деп санайды. Мемлекеттік шекараны кесіп өткен адамдар, ең алдымен, кеденшілерге тап болады. Бүкіл әлемде кеден ұлттық экономиканы қорғайтын орган болып танылған. Мемлекеттің күші мен экономикалық қуаты, бірінші кезекте, оның өз кеден қызметі мен оның жарақтануына деген қарым-қатынасы", - деді ол премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған депутаттық сауалында.
2013 жылға дейін Қазақстанның кеден органы құқық қорғау органының барлық функциясын атқарды. Алайда 2013 жылы құқық қорғау органдарына реформа жүргізілді.
Нәтижесінде "еліміздің кеден шекарасын контрабандистерден, есірткі сатушылар мен басқа да қылмыстық элементтерден қорғаған кеден қызметі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшесіне айналды", деп толықтырды Ахметбеков.
Депутаттың айтуынша, кеден органдары құқық қорғау функциясынан айырылғаннан кейін кеден шекарасы мемлекет тарапынан толық бақыланбай қалды.
"Отандық кеден ардагерлері кейбір лауазымды тұлғалардың заңға қайшы әрекеттері салдарынан мемлекет миллиардтаған кірістен айырылып жатыр деп санайды. Мемлекет басшысы қаңтардағы үндеуінде кеденде тәртіп орнатса, бюджет кірісін әжептәуір арттыруға болатынын атап өтті. Әсіресе, Қытаймен арадағы шекарада. Нағыз былық сол жерде. Көліктер жіті қаралмайды, баж салығы төленбейді. Қытайдың кеден органдарымен статистикадағы айырмашылық миллиардтаған долларға жетеді", - дейді мәжілісмен.
Тиісуге болмайды деген статусы бар әлдебір "өкілетті операторлар" бар. Қазақстан салық түрінде ондаған миллиард теңгеден айырылып жатыр, деді ол.
Осыған байланысты депутаттар мұндай фактілерге жол бермеу үшін ел президентіне есеп беретін кеден органдарын қайта жаңғырту қажет деп есептейді.