Қарағанды облысында 10 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталды

© Photo : Pixabay / 4711018Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Жазылу
Олар 2021 жылдың мамыр айынан бастап аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Ішкі істер министрлігі мен Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері Қарағанды облысының аумағында синтетикалық есірткі сатумен айналысқан қылмыстық топты ұстау бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлады Polisia.kz.
Тәжірибелі қызметкерлерден арнайы құрылған жедел тергеу тобы төрт ай бойы қылмыстық топты бақылаған.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтың айтуынша, ұсталғандар Қарағанды және Теміртау қалаларының тұрғындары. Олар 2021 жылдың мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан.
Ұсталғандардың айтуынша, есірткіні сату Telegram әлеуметтік желісіндегі интернет-дүкен арқылы жүзеге асырылған. Аталған топтың қызметі жақсы ұйымдастырылған. Топтың 10 қатысушысы арасында ұйымдастырушы, буып-түйюші, оператор, дилер, есірткіні тығып жасырушы рөлдері мен функциялары нақты бөлінген.
Фигуранттардың тұрғылықты жерін тінту кезінде сатуға дайын 300 дозадан астам есірткі заты тәркіленді, сонымен қатар жалға алынған пәтерлердің бірінде шамамен 3 кг синтетикалық зат ("мефедрон" және "альфа-PVP"), есірткі заттарды орау үшін қолданылатын заттар (электронды таразы, zip қалташалар) тәркіленді.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігінің 5-тармағы бойынша (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстық топтың мүшелері 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
0