Оқиға

Елордада қатты желдің салдарынан көліктің үстіне металл конструкция құлады

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтанда қатты желдің салдарынан көліктің үстіне металл конструкция құлады
Нұр-Сұлтанда қатты желдің салдарынан көліктің үстіне металл конструкция құлады - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтандағы Ұлы Дала даңғылында қатты желдің салдарынан жарнама конструкциясы көліктің үстіне құлады.
© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтанда қатты желдің салдарынан көліктің үстіне металл конструкция құлады
Нұр-Сұлтанда қатты желдің салдарынан көліктің үстіне металл конструкция құлады - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Нұр-Сұлтанда қатты желдің салдарынан көліктің үстіне металл конструкция құлады
Сейсенбі күні Нұр-Сұлтанда дабылды ескерту жарияланды, әуежай түн ортасына дейін жабылды.
Елордада кеше 80 жол апаты болды, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Ауа райының нашарлауына байланысты (жабысқақ қар, бұрқасын, боран, көктайғақ) қаладан шығатын жолдың барлығы жабылды.
Полиция жүргізушілерден ұзақ сапарға шықпауды және қаладан шығу қажет болған жағдайда көліктің балама түрін пайдалануды сұрады.
"Қауіпсіздікті сақтау мақсатында тұрғындарды айналма жолдармен жүрмеуге шақырамыз, өйткені онда қар ұстағыштар болмағандықтан ауа райы жағдайынан зардап шегуіңіз мүмкін", - деді полиция.
Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2022
Өңірлер
Алматыда қатты жел салдарынан екі адам жарақат алды
Жаңалықтар
0