Нұр-Сұлтанда қосалқы станцияларда апат болды: қаланың ескі бөлігі жарықсыз қалды

© Sputnik / Владислав ВодневЛампочка
Лампочка - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда ауа райының нашарлауына байланысты электр қосалқы станцияларында бірнеше апат болды. Елордада қатты жел соғып тұр.
iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығының мәліметінше, Нұр-Сұлтанның оң жағалауындағы бірнеше ірі аудан жарықсыз қалды.
Апаттар "Школьная", "Городская", "Астана", "Промзона ячейка 120", "Промзона ячейка 207" қосалқы станцияларында болды.
"Астаналық" базары, сондай-ақ Орталық базардың маңындағы бірнеше ауданның, зират маңындағы (Алаш тасжолы, сондай-ақ ескі теміржол вокзалының маңы) бірнеше көшенің тұрғындары электр жарығынсыз қалды.
Еске сала кетейік, елордада буырқана соққан дауыл 29 наурыз күні кешкі сағат 18-ге қарай басталды. Қатты жел салдарынан елорда әуежайындағы рейстер тоқтатылды. Дауыл металл конструкцияларды құлатты, бірнеше автокөлікке зақым келді, көшелерде көптеген апат болды.
Нұр-Сұлтаннан шығатын жолдар да жабылды.
Табло в аэропорту Нур-Султана  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Нұр-Сұлтанда әуе рейстері тоқтатылып жатыр
Жаңалықтар
0