Елордада ауа райының зардабын жою жөніндегі жедел штаб жұмыс істейді

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.03.2022
Жазылу
Бағдаршамдарды, шамдарды, қоршауларды жөндеу, құлаған ағаштарды шығару жұмыстары атқарылуда
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Елорданың аудандық әкімдіктерінде қолайсыз ауа райының зардабын жою бойынша жедел штаб күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Тиісті қызметтердің бәрі тәулік бойы жұмыс істейді, бригадалар кезекшілік етеді, бағдаршамдарды, шамдарды, қоршауларды жөндеу, құлаған ағаштарды шығару және тағы басқа жұмыстар атқарылуда.
Жедел штабтың нөмірлері:
Сарыарқа ауданы – 8 705 429 88 25, 55 64 91;
Алматы ауданы – 8 708 813 3581, 36-10-90, 8 707 170 11 81 (WhatsApp);
Байқоңыр ауданы – 8 775 938 06 91, 55 75 19;
Есіл ауданы – 8 775 643 40 63, 8 701 444 48 65, 8 775 110 01 96, 55 73 82, 55 69 07.
Осы нөмірлерге үйлердің шатыры, қасбеті және т.б. мәселелер бойынша хабарласуға болады.
Еске сала кетейік, елордалық құтқарушылар қалада және қалаға жақын маңдағы учаскелерде авариялық-құтқару операцияларын жүргізу кезінде 160 адамды, оның ішінде 52 баланы құтқарды. ь
Полиция автокөліктер жолға шығып кетпеуі үшін бекеттер қойды. Ал аялдамада автобус күтіп тұрған азаматтарды жеткізу үшін қала бойынша вахталар жұмыс істейді.
Жаңалықтар
0